Select Page

Жаңа жыл қарсаңында CIS Group компаниясының өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мүмкіндіктерін талқылады. Кездесу аясында білім беру, кадрлар даярлау және халықаралық жобаларды іске асыру салаларындағы өзара іс-қимылдың перспективалы бағыттары қарастырылды. Сондай-ақ заманауи технологиялар мен инновациялар бағытында бірлескен білім беру бастамаларын әзірлеу, шетелдік серіктестер мен сарапшыларды тарту, тәжірибе алмасу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу іскерлік және конструктивті жағдайда өтіп, тараптарға ортақ мүдделерді айқындап, алдағы ынтымақтастықтың ықтимал форматтарын белгілеуге мүмкіндік берді. 2026 жылға жаңа жобалармен, идеялармен және халықаралық серіктестіктермен қадам басып отырмыз.

Skip to content
Приемная комиссия