Университетте «Жаңартылатын энергия көздері – энергетиканың жалғыз болашағы» тақырыбында дебат өтті.
11 наурыз 2025 жылы тұрақты даму мақсаты «Қолжетімді және таза энергия» аясында университетте «Жаңартылатын энергия көздері – энергетиканың жалғыз болашағы» тақырыбында дебат ұйымдастырылды.
Іс-шараны ұйымдастырушылар:
д.т.н., профессор Кангожин Б.Р., ассистент-профессор Сапаков А.З., сениор-лектор Смагулова Г.К., ассистент-оқытушы Уалиева Ж.Т. және докторант Нурмаханова А.Е.
Дискуссияға 2-курс студенттері қатысып, олар екі қарама-қарсы позиция бойынша алдын ала дайындалды. Жеребе тарту әдісімен командалар өз рөлдерін алды: «Қайнар күш» (ҚОЛДАУ) және «REFUTERE» (ҚАРСЫ). Дебат Карл Поппер форматы бойынша өтті, ол қарама-қарсы көзқарастарды дәлелдер арқылы талқылауды көздейді.
«Қайнар күш» командасы ЖЭК-тің экологиялық тазалығы, технологиялардың қарқынды дамуы және олардың өзіндік құнының төмендеуі мәселелеріне баса назар аударды.
Өз кезегінде, «REFUTERE» командасы ЖЭК-тің тұрақсыздығын, ауа райына тәуелділігін, резервтік қуаттардың қажеттілігін және инвестициялық шығындардың көптігін атап өтті.
Судьялар дауыс беру нәтижесінде жеңімпазды анықтады:
«REFUTERE» командасы 360 балл жинап, жеңіске жетті, ал «Қайнар күш» командасы 347 балл жинады.
Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, аргументтердің нақтылығы мен дискуссия жүргізу дағдыларын көрсетті.
Ұйымдастырушыларға және барлық қатысушыларға қызықты әрі мазмұнды пікірталас өткізгендері үшін алғысымызды білдіреміз!