Бүгін Қонаев қаласында Alatau Hub пен Astana Hub бірлесе ұйымдастырған «Startup Orda» бағдарламасының ресми ашылуы өтті.
Өңірдегі стартап экожүйесін дамытуға, инновациялық идеяларды қолдауға және жас кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталған маңызды шараға «Қолданбалы жасанды интеллект» білім беру бағдарламасының 1-курс студенті Болат Әділ қатысып, өз жобасын таныстырды.
Жас студенттің алғашқы курстан бастап стартап бағытында өз идеясын ұсынып, осындай ауқымды алаңда баяндама жасауы — білім мен тәжірибені ұштастырудың жақсы үлгісі.
Іс-шара тың идеяларды ортаға салуға, тәжірибе алмасуға және жаңа кәсіби байланыстар орнатуға мүмкіндік берді. Мемлекеттік қолдау мен осындай ауқымды бастамалар жас стартаперлердің әлеуетін ашып, инновациялық жобалардың дамуына үлкен серпін беретіні сөзсіз.
Бұл бастама БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 9-бағытымен үндесіп, инновациялық жобаларды қолдауға, технологиялық шешімдерді дамытуға және жастардың кәсіпкерлік әлеуетін арттыруға ықпал етеді.
Болат Әділге жобасын сәтті дамытуға, жаңа жетістіктерге жетіп, биік белестерді бағындыруға тілектеспіз!
Осындай маңызды бастаманы жүзеге асырып, жастардың идеяларына қолдау көрсетіп отырған Alatau Hub және Astana Hub ұйымдастырушыларына алғыс білдіреміз!
Жастардың идеясы — болашақтың инновациясы. Алда әлі талай үлкен асулар бар!
Автор: Өмірбекова З. М.


