2025 жылы 9-ші қазанда ALT Университетінің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кафедрасында “Жасанды интелекті ғылым мен өндірісті байланыстыра отырып интеграциялаудың әдістері мен жолдары” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Кездесуге Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Нұртас Марат қатысып, жасанды интеллект технологияларын ғылым мен өндірісте қолданудың өзекті бағыттары жөнінде баяндама жасады.
Дөңгелек үстелде өндірістік процестерді автоматтандыру, инновациялық инфрақұрылым қалыптастыру, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өнеркәсіпке енгізу және индустрия 4.0 тұжырымдамасы аясында жасанды интеллекттің рөлі талқыланды.
Бұл іс-шара жасанды интеллект саласында айналысатын оқытушылар мен студенттерге жаңа білім мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Іс-шараны PhD, ALT қауымдастырылған профессоры Жұмабай Мәдібайұлы ұйымдастырды.