Ағымдағы жылдың 13 наурыз күні университет қабырғасында «Сана» зияткер жастар мектебі» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Жастар арасында интернетке тәуелділік пен құмар ойындардың алдын алу бойынша кешенді жобасы» аясында студенттермен мазмұнды кездесу өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында интернетке шамадан тыс тәуелділік пен құмар ойындардың зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу, олардың алдын алу жолдарын қарастыру және студенттердің саналы өмір салтын қалыптастыруға ықпал ету.
Кездесу барысында мамандар мен спикерлер интернет кеңістігін дұрыс пайдалану мәдениеті, уақытты тиімді жоспарлау, құмар ойындардың психологиялық және әлеуметтік зардаптары туралы жан-жақты ақпарат берді. Сондай-ақ жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, жеке дамуға бағытталған пайдалы әдеттерді қалыптастыру және зиянды тәуелділіктерден аулақ болудың маңыздылығы кеңінен талқыланды.
Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты кеңестер алды. Ашық форматта өткен кездесуде қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, интернет пен ойындарға тәуелділіктің алдын алу бағытындағы ұсыныстарын ортаға салды.
Мұндай танымдық кездесулер жастардың ақпараттық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың жауапкершілікті, саналы әрі белсенді азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.
Аталған іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) келесі бағыттары аясында өтті:
- ТДМ 3 – Сапалы денсаулық және әл-ауқат – жастардың психологиялық және әлеуметтік саулығын сақтау;
- ТДМ 4 – Сапалы білім – студенттердің ақпараттық және өмірлік дағдыларын дамыту;
- ТДМ 16 – Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар – қоғамда жауапты әрі саналы азаматтық ұстанымды қалыптастыру.


