31 шілде күні Алмалы ауданының Community орталығында Алмалы ауданының әкімі Шамшин Арман Нұржанұлы мен Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Қажденбек Азиз Оралбекұлының қатысуымен Жастар кеңесінің отырысы өтті.
Ашық диалог форматында өткен кездесуге Алматы қаласының белсенді жастары, студенттері және жастармен жұмыс жөніндегі өкілдер қатысты.
Кездесу барысында жастардың жаңа бастамалары, жастардың қоғамдағы рөлі және жастар саясатын дамытуға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Қатысушылар өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салып, жастардың әлеуетін арттыруға бағытталған бастамалар жөнінде ой бөлісті.
Мұндай кездесулер жастардың азаматтық белсенділігін арттырып, мемлекеттік органдар мен жастар арасындағы ашық диалогты нығайтуға, сондай-ақ жаңа бастамалардың жүзеге асуына ықпал етеді.
Автор: Аманкелді Б. А.


