Ағымдағы жылдың 12 наурызында университет қабырғасында Алматы қаласының жоғары оқу орындарының студенттік президенттері бас қосты. Кездесу басты тақырыбы ТДМ 11 бағыты: «Қаламыздағы экожүйені сақтау мақсатында қандай еріктілер ұйымдарын құрамыз?» болды.
Студенттер белсенді түрде пікір алмасты, экологиялық жобалар мен бастамаларды талқылады. Қаладағы табиғатты қорғау, қалдықтарды азайту, жасыл аймақтарды сақтау секілді өзекті мәселелерге арналған жаңа идеялар ұсынылды. Әрбір қатысушы өз университетінде экожүйені сақтау жолында нақты қадамдар жасауға дайын екендігін білдірді.
Кездесу аясында қатысушылар университет кампусында тур ұйымдастырып, кампустың экологиялық инфрақұрылымымен танысты. Жас лидерлер өз университеттері мен қаланың жасыл аймақтарын сақтаудағы үлестерін арттыру жолдарын зерттеді.
Бұл шара студенттерге экологиялық сана мен қоғамға жауапкершілік сезімін одан әрі дамытуға, жаңа волонтерлік жобаларды іске қосуға шабыт берді.


