2026 жылғы 6 қарашада ALT университетінің қабырғасында қалалық «Жасыл ел» жастар жобасының биылғы маусымының жабылу салтанатты іс-шарасы өтті.
Ауқымды іс-шараның басты мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қаланы көгалдандыру жұмыстарына белсенді қатысуын ынталандыру, жастарды еңбекке баулу және қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін арттыру болды.
Сонымен қатар, іс-шара аясында БҰҰ-ның №12 Тұрақты даму мақсаты – «Жауапты тұтыну және өндіріс» тақырыбына ерекше назар аударылды. Қатысушылар табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, қалдықтарды азайту, қоршаған ортаға зиянды әсерді төмендету және экологиялық жауапкершілікті күнделікті өмір салтына айналдыру мәселелерін талқылады.
Салтанатты жиынға ALT университетінің қызметкерлері мен студенттері, сондай-ақ Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының жастары қатысты. Іс-шара барысында жастардың жыл бойы атқарған еңбектері қорытындыланып, қоршаған ортаны қорғау мен қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға қосқан үлестері атап өтілді.
«Жасыл ел» жобасы – жастарды еңбекке баулумен қатар, олардың бойында табиғатқа жанашырлық, қоршаған ортаға жауапкершілік және қоғамдық белсенділік қасиеттерін қалыптастыратын маңызды бастама.
Табиғатты қорғау – бүгінгі ұрпақтың жауапкершілігі, ал тұрақты болашақ – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз!
Автор: Амантай Е. М.


