Select Page

«Қоғамға қызмет ету» — бұл әлеуметтік, экологиялық, қайырымдылық және қоғамдық іс-шараларға қатысу арқылы адамдарға көмек көрсетуге және айналаға пайда әкелуге бағытталған маңызды қызмет. Оның негізгі мақсаты — білім алушылардың бойында әлеуметтік жауапкершілікті, белсенді азаматтық ұстанымды, өзара көмек көрсету мәдениетін және жоғары рухани құндылықтарды дамыту болып табылады. Қоғамға қызмет ету — әрбір адамның мейірімді, жауапты және ынтымағы жарасқан ортаны қалыптастыруға қосқан жеке үлесі. Тіпті кішігірім қолдаудың өзі мұқтаж жандар үшін үлкен маңызға ие.

М. Тынышбаев атындағы ALT Университеті Логистика және бизнес институтының студенттері бұл бағытқа белсенді түрде атсалысып, көптеген игі істер атқарды. Еріктілер қатарындағы жастар балалар үйлері мен қарттар үйлеріне барып, зообақ жұмыстарына көмектесті, донор ретінде қан тапсырды, қала көшелерін тазарту акцияларына қатысты, сондай-ақ университет пен мектеп кітапханаларына қолғабыс етіп, басқа да көптеген қоғамдық пайдалы іс-шаралардың бел ортасынан табылды.

Осындай маңызды бастамалардың арқасында студенттер қоғамға нақты пайда келтіріп қана қоймай, өз бойында мейірімділік, адамгершілік, жауапкершілік секілді асыл қасиеттерді дамытып, айналасына пайдалы тұлға болуға ұмтылады.

Skip to content
Приемная комиссия