Select Page

2026 жылғы 11 ақпанда Студенттер үйлерінде (СҮ 2–4) «Неке алдындағы қатынастар: денсаулық, жауапкершілік және саналы таңдау» тақырыбында түсіндіру кездесуі өткізілді. Іс-шара Nur Lab Medical Clinic медициналық орталығының қатысуымен ұйымдастырылды. Консультациялық жұмыстарды медициналық аға Бахытбек Дарабоз студент-жігіттерге арнайы жүргізді.

Кездесудің мақсаты: Студенттерге неке алдындағы қатынастар мәселелері бойынша ғылыми негізделген медициналық ақпарат беру және жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру.

Негізгі тақырыптар:

  • Ерлердің репродуктивті денсаулығы;

  • Жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдын алу;

  • Контрацепция әдістері және оларды қауіпсіз қолдану;

  • Келісім (consent), жеке шекара және құрдастар қысымына қарсы тұру психологиясы.

Кездесу ашық сұрақ-жауап сессиясымен және жеке кеңес алу мүмкіндігімен аяқталды. Шара ақпараттық-ағартушылық сипатта өтті.

Skip to content
Приемная комиссия