Select Page

Ағымдағы жылдың 4 желтоқсан күні университет қабырғасында Алматы қаласы Жетісу ауданында орналасқан Жетісу-2 комьюнити орталығының «Community Vibe» атты жылдық қорытынды кеші өтті. 

Шараға Алматы қалалық Жастар саясаты басқармасының Жастарды әлеуметтендіру және ақпараттық қамту бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Болатұлы, Жетісу ауданы Қоғамдық даму бөлімінің басшысы Рүстем Ажибекович, сондай-ақ «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалы Әйелдер қанаты төрағасының орынбасары Айгерім Сабырқызы қатысты.

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы, «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өткізілген кездесулер мен түсіндіру жұмыстары, жастардың даму бағыттарына арналған түрлі оқыту жобалары – орталықтың негізгі бастамаларының бірі.

Қорытынды кеш барысында ең үздік 5 резидентке арнайы дипломдар мен 100 мың теңгелік қаржылай сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар орталықтың белсенді жастарына Жастар саясаты басқармасы басшысының және Жетісу ауданы әкімінің атынан алғыс хаттар тапсырылды.

Skip to content
Приемная комиссия