Логистика және көлік академиясында Қытай Халық Республикасы (ҚХР) Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының Үрімші кәсіптік университетінің қолдауымен құрылған «Жібек жолы» ғылыми шеберханасының ашылуы атап өтілді.
Логистика және көлік академиясының базасында «Жібек жолы» ғылыми шеберханасының салтанатты ашылуы, ынтымақтастық мәселелерін Қытайдың осы аймағындағы жалғыз көпсалалы жоғары оқу орны Үрімші кәсіптік университетімен екі жыл бойы қарастыру мен талқылау нәтижесінде және аталған университеттің делегациясының Академияға сапары барысында өтті.
Университеттер арасындағы кездесу барысында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, оның шеңберінде, Ғылыми зертхана базасында, тараптар студенттер мен профессорлық-оқытушылар құрамының академиялық алмасуы, инженерлік, көліктік қызмет көрсету, телекоммуникациялар, ақпараттық- коммуникациялық технологиялар және педагогикалық шеберлік салаларындағы инновациялық бағыттар бойынша мамандарды дайындау және ғылым мен технологияны зерттеу жобаларын дамыту туралы уағдаласты.
Жаңа қосымша келісім шеңберінде қазақстандық студенттер Қытайға оқуға бара алады, онда оларға қытай тілін үйренуге және кейіннен кәсіптік білім алуға, сондай-ақ қытай тарапынан шәкіртақының бөлінуі мен мемлекеттік қолдауға ие болу мүмкіндігі беріледі. Сондай-ақ, ынтымақтастық аясында Логистика және көлік академиясында, шеберхана базасында студенттер мен оқытушылар үшін тегін қытай тілі курстары ашылады.
Кәсіби ынтымақтастықты «Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ және «Үрімші темір жолы» ЖШҚ өкілдерімен алдын ала кездесуі қолдады, оның барысында Еуразия өңірінде теміржол кеңістігін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен шаралар туралы келісімге қол жеткізілді.
Теміржол саласы үшін жоғары білікті мамандар даярлау саласындағы бірлескен ынтымақтастықтың бастамасы екі ел арасындағы тату көршілік пен достықтың мыңжылдық тарихымен, сауданы дамыту және экономикалық өсуді ынталандыру мақсатында Азияны Африкамен және Еуропамен құрлық және теңіз маршруттары арқылы байланыстыратын «Бір белбеу – Бір жол» жаһандық бастамасымен, сондай-ақ «Батыс Еуропа» – «Батыс Қытай». халықаралық транзиттік дәлізін дамытумен нығайтылады.