2025–2026 оқу жылының 2-семестрінде «Сәулет-құрылыс инженериясы» кафедрасының АДА-22-1р тобы студенттері үшін «ҚазДорПроект» жобалау-іздестіру институтында дуалды оқыту ұйымдастырылды. 16 ақпан мен 2 наурыз аралығында өткен оқу бағдарламасы «Автомобиль жолдарын қайта салу» пәніне негізделді.
Жобаның бас инженері, өндірістік жетекші А. Нурхамытованың бақылауымен студенттер:
-
Автомобиль жолдарын жаңғырту мен қайта салудың заманауи әдістерін зерттеді;
-
Салалық нормативтік талаптармен (ҚР ҚН мен Ережелер жинағы) танысты;
-
Күрделі жобалық-сметалық құжаттамамен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын меңгерді.
Бұл формат студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін арттырып, оларды жобалау саласындағы нақты жұмысқа дайындауға септігін тигізді.


