Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі м.а-ның 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы «атағын беру ережесі» бұйрығына сәйкес «Логистика және көлік академиясында» 2022 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» ҚР БҒМ байқауының І кезеңі өткізілді. Конкурстық комиссияның қарауына «Логистика және көлік академиясы»АҚ штаттық ПОҚ қатарынан барлығы 5 (бес) конкурстық іс келіп түсті.
Сараптамалық комиссияның қорытындысы негізінде: К. М. Сансызбай және Р. Т. Қасым (жұмыс өтілі 15 жылдан кем емес), Г. В. Мұратбекова және М. Б Орынбековтардың (жұмыс өтілі 15 жылдан артық) кандидатураларын ҚР білім және ғылым министрлігінің «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру конкурсының 2-ші республикалық кезеңіне қатысу үшін ұсынуға қаулы етілді.
Үміткерлер ЖОО ішіндегі конкурстың нәтижелерімен келіспеген жағдайда нәтижелер жарияланған күні апелляцияға береді.