БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) жол картасын жүзеге асыру аясында 2025 жылғы 17 ақпан мен 12 сәуір аралығында 1-курс докторанттары педагогикалық практиканы өтті. Практика «СГДиФВ» кафедрасының оқытушылары — ф.ғ.к., асс. проф. Ақбаева Л.Н. және сениор-лектор Камбарқызы А. жетекшілігімен ұйымдастырылды.
Докторанттар лекциялар және практикалық сабақтарды өткізу барысында интерактивті оқыту әдістерін меңгерді. Бұл әдістерге арналған 24.02.2025 ж. күні «Қазіргі білім берудегі инновациялық әдістер мен технологиялар» атты онлайн мастер-класс педпрактика жетекшілердің бастамасымен өткізілді. Мастер-класста цифрлық платформалар мен белсенді оқыту әдістерін қамтитын заманауи тәсілдер ұсынылды.
Сонымен қатар, педагогикалық практика барысында Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) жүзеге асыру аясында докторанттар бірқатар тәрбиелік іс-шаралар өткізді. Негізгі форматтар – дебаттар, кеңестер, семинарлар мен экскурсиялар болды.
Өткізілген іс-шаралар мысалдары ретінде: ТДМ 4 – Сапалы білім беру: Жаманқұлов М.Ж. – Кеңес: «Вакансияларды іздеу және білімді жалғастыру»; Қали С. – АО «АЖК» қосалқы станцияларына экскурсия;
ТДМ 7 – Қолжетімді және таза энергия: Уалиева Ж., Нұрмаханова А. – Дебаттар: «Жаңартылатын энергия көздері – энергетиканың болашағы»; Буданов Д., Әбілғазиев Е., Бекен Н. – «Kaz Energo Power» өндірісіне экскурсия;
ТДМ 8 – Лайықты жұмыс пен экономикалық өсу, ТДМ 9 – Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым: Ошанов А., Ерғали К., Марат Н. – Семинар: «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым»;
ТДМ 11 – Тұрақты қалалар мен елді мекендер: Иманқұлова А.С. – Геодезиялық құралдар мен мәдени мұраларға экскурсия; Арбабаева В., Әйтімова А., Нұрманова Г. – «Наурыз – көктем мен жаңару мерекесі» іс-шарасы;
ТДМ 13 – Климаттың өзгеруімен күрес, ТДМ 15 – Құрлықтық экожүйелерді сақтау: Төреқұл А., Қаби Е. – Дебаттар: «Экологиялық тұрақтылық: сын-қатерлер мен шешімдер».
Барлық докторанттарға креативтік тұрғыда Қазақстандағы тұрақты білім беруді дамытуға қосқан үлестері үшін алғысымызды білдіреміз!