Select Page

ALT Университетінде Алматы пайдалану вагон депосының бас инженері Рысбек Абубакировтың қатысуымен «Қалыптастыру және айналым пункттерінде жолаушылар вагондарына техникалық қызмет көрсету» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.

Дәріс барысында спикер жолаушылар вагондарына техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастырудың заманауи тәсілдері, атқарылатын жұмыстардың түрлері мен мерзімділігі, сондай-ақ жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету мақсатындағы алдын алу шаралары жөнінде жан-жақты ақпарат берді.

Сонымен қатар, ол технологиялық процестерді оңтайландыру және теміржол саласына инновациялық шешімдерді енгізу мәселелеріне ерекше назар аударды.

Дәріс студенттер мен оқытушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Қатысушылар вагондарға қызмет көрсетудің практикалық қырлары мен деподағы инженерлік-техникалық қызметкерлердің жұмысы туралы сұрақтар қойып, белсенді пікір алмасты.

Мұндай кездесулер жоғары оқу орындары мен өндірістік кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, студенттердің болашақ кәсіби қызметіне қажетті практикалық білім алуына мүмкіндік береді.

Skip to content
Приемная комиссия