Көліктегі қауіпсіздік және цифрландыру жөніндегі VII Еуразиялық форум, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-мен стратегиялық әріптестікті нығайту және Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT University-дің 95 жылдығын атап өту аясында «ҚТЖ — Жүк тасымалы» ЖШС бас директоры — Басқарма төрағасы Асан Ізтілеуұлы Үмбетовтің «Жүк тасымалы қызметі мен дамуының негізгі бағыттары» тақырыбындағы қонақ дәрісі өтті.
Спикер студенттерге ел көлемінде жүк тасымалын ұйымдастыру, саланы цифрландырудың негізгі бағыттары, даму стратегиясы және ұлттық тасымалдаушының өзекті міндеттері туралы баяндады.
Ашық диалог студенттердің ерекше қызығушылығын тудырды. Олар компания басшысына сұрақтарын қойып, кәсіби кеңестер алды және көлік саласындағы жұмыс перспективалары туралы толығырақ білді.
Асан Ізтілеуұлына мазмұнды кездесуі, құнды тәжірибесімен бөліскені және болашақ мамандардың кәсіби дамуына көңіл бөлгені үшін алғыс білдіреміз!
Осындай кездесулер студенттерге таңдаған мамандығын тереңірек түсінуге, саланың нақты міндеттерімен танысуға және болашақ мансаптық даму бағытын айқындауға мүмкіндік береді.
Автор: Абдикаликова Л.Б.


