Ұлыстың мерейі үшін, елдің ертеңі үшін қызмет еткен асыл азаматтарымыздың бірі Мұхамеджан Тынышбаев. Ол қазақтан шыққан тұңғыш темір жол инженері, мемлекет және қоғам қайраткері, тарихшы, ағартушы-ғалым.
Отарбадай ағып өткен ғұмырында туған халқына бостандық, теңдік әперіп, өркениетті елдердің қатарына қосу мақсатында өзінің перзенттік күш-қуатын, ақыл-білімін, адамдық қасиетін күрес жолына сарп еткен М.Тынышпаевтың 145 жылдығына орайластырылған «Қазақтың тұңғыш теміржол инженері» атты іс – шара 1 сәуір күні «Тілдік дайындық» кафедрасының оқытушысы Л.А.Шинтаеваның ұйымдастырумен кафедра куні өтті. Кеште студенттер М.Тынышпаевтың өмір жолына арналған қойылымды ойнады. Кеште СЖД-23-1 топ Әбдіғали Мұхаммед М.Тынышбаевқа өзі шығарған өлеңін орындап, СЖД-23-1, РЭТ-23-5 топ студенттері дәуірдің жарық жұлдызы М. Тынышбаевтың рухына арналған өлең жолдарын айтты. Алашордашылардың жарты ғасырдан бері келе жатқан ұлы арман, өшпес өсиеті, кейінгілерге аманаты «Алаш аманаты» куйі орындалды. «Жүрдек поезд» атты топтық жарысқа студенттер белсене қатысты.