Select Page

2026 жылдың 17 наурызында «Наурызнама» онкүндігін өткізу жоспарына сәйкес, Әскери іс институты студенттер арасында әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жарыс өткізді. Бұл бастама ТДМ 3 «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» мақсаттарын іске асыруға, жастардың физикалық дайындығын нығайтуға бағытталған.

Жарыс бағдарламасына тактикалық медицина, гір көтеру, арқан тарту және интерактивті тирде ату бойынша сайыстар кірді. Студенттер тек күш пен төзімділікті ғана емес, сонымен қатар тапқырлық пен тактикалық білімдерін де паш етті.

Жалпы командалық есепте бірінші орынды студент Нұрбек Жолтай басқаратын «Атыс 11» оқу взводы лайықты иеленді. Жеңімпаздарды жарқын жеңістерімен құттықтаймыз!

Skip to content
Приемная комиссия