Select Page

Бүгін «Жылжымалы құрам» кафедрасы «Қазақстан Республикасында локомотивтер мен вагондарды өндірудегі экотехнологиялар және цифрландыру» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Іс-шараға «Жылжымалы құрам инженериясы» білім беру бағдарламасының білім алушылары қатысып, баяндамалар жасады:

🔹 Рыбин Владислав (ИПС (В)-23-1 тобы) – «Локомотивтер мен вагондарды өндірудегі экологиялық технологиялар және цифрландыру»
🔹 Володин Артем (УС-ИПС-(Э)-24-3п тобы) – «Қазақстандағы тепловоздардың экологиялық қозғалтқыштарын жобалау және дамыту»
🔹 Мұқатай Қуаныш (УС-ИПС(Э)-24-3п тобы) – «Қазақстан Республикасындағы электровоздар»

Семинар студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрамға арналды және Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізуге бағытталды:
ТДМ 7 – заманауи және экологиялық таза энергия көздеріне қолжетімділікті кеңейту
ТДМ 8 – тұрақты экономикалық өсуді және лайықты жұмыспен қамтуды қолдау
ТДМ 9 – инфрақұрылымды, индустрияландыруды және инновацияларды дамыту
ТДМ 12 – тұтыну мен өндірістің ұтымды үлгілерін енгізу

Талқыланған негізгі тақырыптар:
🔹 Жаңа жылжымалы құрамды енгізудің экологиялық және экономикалық әсері
🔹 Теміржол көлігін жаңғырту мен цифрландырудың заманауи тәсілдері
🔹 Инновациялық шешімдердің тұрақты дамуға және зиянды шығарындыларды азайтуға ықпалы

Бүгінде Қазақстан теміржол саласындағы экологиялық технологияларды белсенді түрде дамытып, жылжымалы құрамды жергілікті өндіруге және отандық инновациялық әзірлемелерді қолданатын заманауи полигондарды енгізуге ерекше көңіл бөлуде. Бұл шаралар климаттық өзгерістерге бейімделуге және қоршаған ортаға кері әсерді азайтуға ықпал етеді.

Skip to content
Приемная комиссия