2026 жылғы 6 ақпанда «Жылжымалы құрам» кафедрасы УС-ИПС(Т)-24-2 тобының студенттері үшін «Тепловоздарға қызмет көрсету және жөндеу технологиясы» пәні бойынша көшпелі оқу сабағын өткізді. Сабақ кафедраның филиалында — ТОО «КТЖ-Грузовые перевозки» филиалы «Алматинское отделение ГП» құрамындағы Алматылық пайдалану локомотив депосында (ТЧЭ-28) ұйымдастырылды.
Көшпелі сабақ барысында студенттер депо жағдайында тепловоздарға қызмет көрсету мен жөндеудің технологиялық үдерістерімен танысты. Сонымен қатар, бережливті өндіріс элементтері мен тепловозды басқарудың ресурсты үнемдеу режимдеріне ерекше назар аударылды. Аталған тақырыптар БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 7-мақсатына (ЦУР-7) сәйкес келеді.
Сабақтың жауапты оқытушысы — ALT University-дің қауымдастырылған профессоры Утепова А.У. Практикаға бағытталған формат студенттердің теориялық білімін нақты өндірістік ортада бекітуіне және локомотив шаруашылығының заманауи жұмыс тәсілдерін тереңірек түсінуіне мүмкіндік берді.
«Жылжымалы құрам» кафедрасы мазмұнды әрі тәжірибелік сабақ өткізгені үшін Алматылық пайдалану локомотив депосының жетекші мамандарына алғыс білдіреді.


