22 желтоқсанда 2025 жылы «Жылжымалы құрам» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Утепова А.У. 6В07117 — «Локомотивтер», 6В07116 – «Вагондар», 6В07137 — «Жылжымалы құрам инженериясы» маманықтары бойынша білім беру бағдарламасының Білім алушыларына «Жылжымалы құрамның сенімділік негіздері» пәні бойынша емтихан өткізді (Л-22-1,2, УС-ИПС-Т,Э,В — 1,2,3 топтары). Білім алушыларға теміржол көлігінің техникалық жай-күйін басқаруды, ақаулардың алдын алуды және локомотивтер мен вагондардың тиімділігін арттыруды үйретеді.
Кейс-тапсырмаларды орындау мен қорғаудың мақсаты. Білім алушылардың сенімділік теориясының негізгі ұғымдары мен көрсеткіштерін, жылжымалы құрамның істен шығу себептері мен заңдылықтарын, жылжымалы құрамның элементтерін резервтеу (сақтау), техникалық диагностика негіздерін, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесін яғни сенімділікті қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық шараларын тәжірбиелік тұрғыда шешуде және көлік жүйелерінің тұрақты дамуы мен сенімділігі призмасы арқылы инженердің кәсіби ойлауын қалыптастырады.
«Жылжымалы құрамның сенімділік негіздері» пәні бойынша кейс-тапсырма білім алушылардың теориялық білімін тәжірибелік мәселелерді шешуге бағыттаудың тиімді жолы. Локомотивтің немесе вагонның тораптарындағы ақауларды талдау және сенімділік көрсеткіштерін бағалау. Білім алушыларды жылжымалы құрамның техникалық жағдайын бағалауға, ақаулардың себеп-салдарлық байланысын анықтауға және сенімділікті арттыру бойынша инженерлік шешімдерді қабылдауға үйрету.
Кейс-тапсырмаларды білім алушылар ауызща (Word немесе PDF форматында) немесе презентация түрінде тапсырды. Кейс-тапсырманы сәтті тапсыру үшін білім алушылар белгілі бір құрылымды сақтап, талдау жасау маңызды. Білім алушыларға сенімділік, қауіпсіздік және кәсіби жауапкершілік объектісі арқылы тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) теміржол инженерінің күнделікті жұмысымен байланысын терең түсінуді қалыптастыру. Білім алушылар есеп айырысу әдістерін таңдауды дәлелдеді және бақылау сұрақтарына жауап берді.
Теміржол көлігінің сенімділігі және тұрақты даму мақсаттарында инженердің кәсіби таңдауы бойынша қойылған мақсаттарға қол жеткізілгені анықталды. Кейс-тапсырмалары тәжірибеге бағдарланған оқыту нысаны ретінде өзінің тиімділігін растады және жылымалы құрам тораптарын есептеу саласында кәсіби ойлауын қалыптастырады.


