Select Page

Қазақ поэзиясының заңғар тұлғасы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына биыл 95 жыл толды. Осы атаулы датаға орай елімізде ақын мұрасын ұлықтауға арналған мәдени-танымдық шаралар бастау алды. Университетіміздің Кітапхана-ақпараттық орталығында «Бір өлеңі – бір елдің мұрасындай» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды. Шараға университет қызметкерлері мен студенттер қатысты.

Қамшының сабындай қысқа ғұмыр кешкенімен, Мұқағали Мақатаев ұлттық әдебиет әлемінде өлшеусіз із қалдырды. Ақын сөздеріне жазылған әуезді әндер халық арасында әлі күнге дейін сүйіспеншілікпен шырқалып келеді. Рухани кеш барысында ақынның жүрек тебірентер жырлары оқылып, оның өмірі мен шығармашылығына қатысты құнды деректер ұсынылды.

Skip to content
Приемная комиссия