2026 жылдың 12 ақпанында «Language Education» кафедрасының сениор-лекторы Г.Ө. Қалқабаеваның ұйымдастыруымен «Оратор» тіл білімі үйірмесі аясында 1-курс студенттеріне арналған «Не? Қайда? Қашан?» атты зияткерлік ойыны өтті.
Шара Тұрақты даму мақсаттарының 4-бағыты — «Сапалы білім» аясында ұйымдастырылды. Мұндай ойындар білім алушылардың логикалық ойлауын, танымдық белсенділігін дамытып, командада жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады. Сонымен қатар, студенттердің білімдерін стандартты емес жағдайларда қолдануына, коммуникативтік дағдыларын арттыруға және ой-өрісін кеңейтуге септігін тигізеді.


