Select Page

20–21 қараша
Қазақстан жоғары оқу орындарының басшылық құрамы үшін
«Жоғары білім және ғылым жүйесінде жасанды интеллектіні қолдану» тақырыбында біліктілікті арттыру бағдарламасы

logo-alt-university

М.Тынышбаев атындағы ALT Университеті» АҚ
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан ЖОО басшылық құрамы үшін біліктілікті арттыру бағдарламасы

10–21 қараша аралығында Қазақстан жоғары оқу орындарының басшылық құрамы үшін «Жоғары білім және ғылым жүйесінде жасанды интеллектіні қолдану» тақырыбында біліктілікті арттыру бағдарламасы өтіп жатыр. Бағдарлама жоғары оқу орындарының цифрлық трансформациясына және цифрлық жетілуін арттыруға қажетті құзыреттерді дамытуға бағытталған. Бағдарламаға 20 қазақстандық университеттен 50 қатысушы – жоғары оқу орындарының басшылары қатысуда.

Бағдарлама форматы: гибридті (онлайн және оффлайн). Курсты ұйымдастырушылар: ҚР Жоғары білім және ғылым министрлігі, «Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары қауымдастығы» ЗТБ, «М.Тынышбаев атындағы ALT Университеті» АҚ. Бағдарламаның қорытынды сабақтары 20–21 қараша күндері ALT Университетінің базасында өтеді.

Бағдарлама спикерлері: ҚР ЖБҒМ Жобаларды басқару офисінің академиялық артықшылық және жаһандық бәсекеге қабілеттілік жобалар тобының жетекшісі Жақыпова Ф.Н., «Qamqor Foundation» ҚҚ геоэкология бағдарламалары офисінің директоры Ульман А.А., мемлекеттік басқару және жоғары технологиялар саласындағы сарапшы, «Microsoft» компаниясының ТМД бойынша білім беру даму жетекшісі Жумабеков Д.А., ALT Университетінің құрылтайшысы Серикова Г.Б., Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ стратегиялық даму жөніндегі проректоры Несіпқалиев У.Е., «Yandex Qazaqstan» стратегиялық әріптестік жөніндегі директоры Курданова О., LumiaAI жасанды интеллект стартапының негізін қалаушы Ким Г., сондай-ақ шетелдік сарапшы, EDUTech Future білім беру стартапының негізін қалаушы Асель Мусагалиева-Танг.

Бағдарлама тәжірибе алмасу, жаңа идеялар мен университеттердің цифрлық даму стратегияларын қалыптастыру, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен жасанды интеллект саласындағы жетекші сарапшылар арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды алаң болмақ.

Байланыс ақпараты:

Баспасөз қызметі, «М. Тынышпаев атындағы ALT Университеті» АҚ
Тел.: 87714000275
E-mail: l.abdikalikova@alt.edu.kz
Сайт: https://alt.edu.kz

Skip to content
Приемная комиссия