ALT Университеті — тұрақты шешімдер платформасы!
Біздің миссиямыз — экологиялық жауапкершілік, әлеуметтік әділеттілік және экономикалық тиімділікті негізгі құндылықтар ретінде қабылдай отырып, жаһандық сын-қатерлерді шеше алатын көшбасшыларды дайындау. Біз тұрақты даму қағидаттарын білім беру бағдарламаларына, ғылыми зерттеулерге және кампустың күнделікті өміріне енгіземіз.
ALT Университеті — «жасыл» болашаққа арналған идеялар туындайтын орын. Біз студенттер, оқытушылар, қызметкерлер мен серіктестер ортақ мақсаттар үшін: көміртек ізін азайту, ресурстарға ұқыпты қарау және еліміз бен өңіріміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін бірігетін экожүйе құрып жатырмыз.
Тұрақты даму мақсаттары
ALT Университетінің Digest
«М. Тынышпаев атындағы ALT университеті» АҚ тұрақты даму бойынша саясаты мен стратегиясы
«Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT Университеті» Тұрақты даму мақсаты аясындағы стратегиясы
«Логистика және көлік академиясы» Акционерлік Қоғамындағы тұрақты сатып алу саласындағы саясат
«Логистика және көлік академиясы» акционерлік қоғамының тұрақты инвестициялау саласындағы саясаты
Тұрақты даму жөніндегі комитет құру туралы Бұйрық
ALT Университетінің цифрландыруы
Білім сапасын арттыру мақсатында ALT Университетінде заманауи цифрлық жүйелер енгізілді:
- Platonus ақпараттық жүйесі(https://platonus.alt.edu.kz/), оған кіреді:
- Студенттерді басқару;
- Оқу үдерісін және онлайн оқытуды қолдау;
- Platonus Student мобильді қосымшасы;
- Силлабустарға, элективті пәндерге тіркелуге, оқу жоспарына және виртуалды аудиторияға қол жеткізу мүмкіндігі бар студенттің жеке кабинеті;
- Электронды үлгерім журналы;
- Сабақ кестесінің модулі;
- Ішкі хабарламалар және тапсырмалар жүйесі;
- Тестілеу модулі (жасау, өткізу, нәтижелер, апелляциялар).
- «Platonus Academy» ақпараттық жүйесі(https://platonus.academy/) онлайн оқыту үдерісін автоматтандыруға арналған. Ол курстарды құру және басқару мүмкіндіктерін ұсына отырып, білім беру үдерісін оңтайландыруға және оқу контентінің қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.
- Aero Exam онлайн-прокторинг жүйесі:
- Студенттің тұлғалық сәйкестігін анықтау;
- Тест барысында әрекеттерді бақылау (экран, қозғалыстар, сөйлесу);
- Толық есепті құрастыру және бұзушылықтарды анықтау.
- Электрондық құжат айналымы – Documentolog (https://altedu.documentolog.kz/)жүзеге асырады:
- Бөлімшелер арасындағы онлайн өзара әрекеттесу;
- Студенттермен және қызметкерлермен шарттар жасау;
- Кадрлық өтініштерді рәсімдеу;
- Мемлекеттік органдармен және ұйымдармен құжат алмасу.


