
CISCO ЖЕЛІЛІК АКАДЕМИЯСЫ
Cisco Systems, Inc. – желілік жабдықты өндіретін және сататын американдық трансұлттық компания.
Жоғары технологиялар саласында маманданған әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі. Интернет желісіне арналған желілік технологиялар саласындағы әлемдік көшбасшы.
Cisco желілік академиясы – деректерді беру желілері, киберқауіпсіздік, бағдарламалау, жүйелік әкімшілендіру, интернет заттар сияқты бағыттар бойынша IT-мамандарды іргелі дайындауға бағытталған коммерциялық емес білім беру бағдарламасы.
“Базалық дағдылардан нақты жұмысқа”принципі бойынша оқыту!
Cisco желілік академиясы бағдарламаларының артықшылықтары:
- Интерактивті Оқу материалы;
- Практикалық сабақтар;
- Нақты жабдықта жұмыс істеу;
- Тәжірибелі нұсқаушылар;
- Оқытудың икемді кестесі;
- Халықаралық үлгідегі Сертификат;
- Еңбек нарығында сұраныс.
Біліктілікті арттыру курстары:
- Cybersecurity Essentials (Киберқауіпсіздік негіздері)
- IoT Fundamentals (интернет заттар)
- Networking Essentials (желі негіздері)
- Курс CCNA Routing and Switching (4 бөліктен тұрады):
- желіге кіріспе (Introduction to networking)
- маршруттау және коммутация негіздері (Routing and Switching Essentials)
- желілерді масштабтау (Scaling networks)
- желілерді қосу (Connecting networks)
Қосымша ақпарат сілтеме бойынша