«ALT» Университеті халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры лауазымына өз командасына шақырады. Біз халықаралық білім беру бағдарламаларын және шетелдік университеттер мен ұйымдармен серіктестікті дамыту үшін ағылшын тілін еркін меңгерген (C1–C2 деңгейі) кәсіби маманды іздейміз.
Міндеттері:
-
Академияда жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын, халықаралық байланыс пен академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру жұмыстарын үйлестіру;
-
Докторанттар мен магистранттардың ғылыми-зерттеу қызметін орындау жұмысын үйлестіру;
-
Академияның білім беру қызметтерінің тізбесін кеңейту мақсатында академияда бейресми білім беру нысандарын дамыту жұмыстарын ұйымдастыру;
-
Элективті пәндер каталогын, оқу жоспарларын, оқу процесінің графигін, академиялық күнтізбені, кешенді емтихандар мен магистрлік диссертацияларды/жобаларды қорғау кестесін келісуге қатысу;
-
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушылардың жеке жұмыс жоспарларының орындалуын бақылау жұмыстарын үйлестіру;
-
Магистранттар мен докторанттардың ғылыми тағылымдамаларын ұйымдастыру үшін қажетті құжаттарды дайындау жұмысын үйлестіру, есептік материалдардың дайындалуын бақылау;
-
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау мәселелері бойынша халықаралық, өңіраралық, өңірлік кездесулерді, семинарларды, тренингтерді, ғылыми-практикалық конференцияларды дайындау және өткізу жұмыстарын ұйымдастыру;
-
Жоғары оқу орындарымен, көлік-коммуникация кешені кәсіпорындарымен халықаралық және республикалық ынтымақтастықты дамыту бойынша іс-шараларды жоспарлау және іске асыру;
-
Дипломатиялық өкілдіктермен, шетел мемлекеттерінің ұлттық мәдени орталықтарымен және халықаралық ұйымдармен байланыс орнату және оны қолдау;
-
Шетелдік серіктестермен іскерлік хат-хабарлар жүргізу;
-
Академиялық ұтқырлық, шетелдік ғылыми тағылымдама бағдарламалары және білім беру қызметтерін көрсету бойынша шарттарды әзірлеу және жасасу.
Талаптар:
-
Жоғары білім беру жүйесіндегі педагогикалық немесе басқарушылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі (осы немесе тектес қызмет бойынша);
-
Ғылыми дәреженің болуы;
-
Ағылшын тілін білу, басқа тілдерді (қытай және т.б.) білу құпталады.
БІЗ ҰСЫНАМЫЗ:
-
Лауазымдық жалақы + Семестрлік (KPI);
-
Ыңғайлы жұмыс кестесі: 08:30 — 17:30, дүйсенбі-жұма;
-
Ресми жұмысқа орналастыру;
-
Қызықты әрі әртүрлі тапсырмалар;
-
Тәжірибелі команда тарапынан қолдау және кәсіби әрі тұлғалық өсу мүмкіндігі;
-
Керемет, позитивті, тату ұжым;
-
Жалақының уақтылы төленуі;
-
Тимбилдингтер.


