Міндеттері:
-
Университеттің халықаралық ынтымақтастығын дамыту стратегиясын қалыптастыру және іске асыру;
-
Шетелдік университеттермен, зерттеу орталықтарымен және халықаралық ұйымдармен серіктестік байланыстарды дамыту және нығайту;
-
Академиялық ұтқырлық бағдарламаларын (студенттер, ПОҚ, әкімшілік персонал) ұйымдастыру және үйлестіру;
-
Халықаралық шарттар мен ынтымақтастық туралы келісімдерді, соның ішінде академиялық ұтқырлық бағдарламалары мен шетелдік тағылымдамалар бойынша үшжақты келісімшарттарды әзірлеу және жасасу;
-
Халықаралық білім беру бағдарламалары мен жобаларының іске асырылуын үйлестіру;
-
Халықаралық қызмет бойынша көрсеткіштердің орындалуын бақылау;
-
Халықаралық форумдарда, конференцияларда және серіктес ұйымдарда Университет атынан өкілдік ету;
-
Шетелдік делегацияларды қабылдауды ұйымдастыру және Университеттің халықаралық имиджін дамыту;
-
Құрылымдық бөлімшелердің халықаралық қызмет бөлігіндегі жұмысын үйлестіру;
-
Халықаралық қызметтің ҚР заңнамасы талаптарына және ішкі нормативтік құжаттарға сәйкестігін қамтамасыз ету;
-
Университеттің ресми ресурстарында халықаралық бағдарламалар бойынша ақпараттың уақтылы орналастырылуы мен жаңартылуын бақылау;
-
Маркетинг бөлімшелерімен бірлесіп, Университеттің халықаралық деңгейдегі имидждік саясатын қалыптастыруға қатысу;
-
Бейіндік департаментке басшылық жасау, тапсырмаларды бөлу және олардың орындалуын қадағалау.
Талаптар:
-
Жоғары білім (ғылыми дәреженің немесе басқарушылық біліктіліктің болуы құпталады);
-
Басқарушылық лауазымда кемінде 3–5 жыл жұмыс тәжірибесі;
-
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі жұмыс тәжірибесі міндетті;
-
Халықаралық серіктестікті дамыту және академиялық ұтқырлық бағдарламаларын іске асыру бойынша практикалық тәжірибе;
-
Келіссөздер жүргізу және халықаралық келісімдер жасасу тәжірибесі;
-
ҚР білім беру саласындағы заңнамасын білу;
-
Халықаралық білім беру стандарттары мен ынтымақтастық механизмдерін түсіну;
-
Ағылшын тілін еркін меңгеру (міндетті);
-
Стратегиялық ойлау, дамыған басқарушылық және коммуникативтік дағдылар.
БІЗ ҰСЫНАМЫЗ:
-
Лауазымдық жалақы + Семестрлік бонус (KPI);
-
Жұмыс кестесі: 08:30 – 17:30, дүйсенбі-жұма;
-
Ресми жұмысқа орналастыру;
-
Қызықты әрі әртүрлі тапсырмалар;
-
Тәжірибелі команда тарапынан қолдау және кәсіби әрі тұлғалық өсу мүмкіндігі;
-
Керемет, позитивті және ұйымшыл ұжым;
-
Жалақының уақтылы төленуі және тимбилдингтер.


