Select Page

Міндеттері:

  • Қабылдау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру;

  • Талапкерлердің құжаттарын қабылдау, тіркеу және өңдеу;

  • Түсушілердің жеке іс-қағаздарын қалыптастыру, бақылау және оларды тіркеу бөліміне тапсыру;

  • Талапкерлер мен олардың заңды өкілдеріне оқуға түсу мәселелері бойынша кеңес беру;

  • Қабылдау науқаны бойынша бұйрықтардың, хаттамалардың, есептердің және қызметтік материалдардың жобаларын дайындау;

  • АЖ (Автоматтандырылған жүйе), PLATONUS, ҚР ҒЖБМ базаларында және т.б. деректерді жүргізу және бақылау;

  • Құжаттардың ресімделуі мен деректердің енгізілу дұрыстығын қадағалау;

  • Қабылдау комиссиясының техникалық хатшыларын ұйымдастыру және оларға нұсқаулық беру;

  • Түсушілерге арналған ақпараттық және анықтамалық материалдарды дайындау;

  • Кәсіптік бағдар беру іс-шараларына қатысу;

  • Мемлекеттік органдармен және Университеттің ішкі құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау.

Талаптар:

  • Жоғары білім (магистр / PhD дәрежесінің болуы құпталады);

  • 2 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі (білім беру саласында, әкімшілік немесе ұйымдастырушылық қызметте тәжірибесі бар үміткерлерге басымдық беріледі);

  • ҚР білім беру саласындағы заңнамасын білу (артықшылық болады);

  • Құжаттармен, деректер базасымен және іс қағаздарын жүргізумен жұмыс істеу тәжірибесі;

  • Іскерлік қарым-қатынас және кеңес беру дағдылары;

  • Басқарушылық және ұйымдастырушылық қабілеттер;

  • Microsoft Office (Word, Excel) бағдарламаларын сенімді меңгеру, АЖ-да жұмыс істеуге дайын болу.

БІЗ ҰСЫНАМЫЗ:

  • Лауазымдық жалақы + Семестрлік бонус (KPI);

  • Жұмыс кестесі: 08:30 – 17:30, дүйсенбі-жұма;

  • Ресми жұмысқа орналастыру;

  • Қызықты әрі әртүрлі тапсырмалар;

  • Тәжірибелі команда тарапынан қолдау және кәсіби әрі тұлғалық өсу мүмкіндігі;

  • Керемет, позитивті және ұйымшыл ұжым;

  • Жалақының уақтылы төленуі және тимбилдингтер.

Skip to content
Приемная комиссия