Select Page

Міндеттері:

  • Ішкі (локальды) құжаттарға құқықтық талдау жасау, қолданыстағы заңнаманы бұза отырып шығарылған актілердің өзгертілуі немесе күшінің жойылуы бойынша шаралар қабылдау;

  • «ALT Университеті» АҚ құрылымдық бөлімшелерінде әзірленген бұйрықтардың, нұсқаулықтардың, ережелердің, стандарттардың және басқа да құқықтық сипаттағы актілердің жобаларына құқықтық сараптама жүргізу, оларға виза қою (бұрыштама соғу), сондай-ақ қажетті жағдайларда осы құжаттарды дайындауға қатысу;

  • Тиісті сенімхаттарда бекітілген өкілеттіктер шеңберінде құқықтық мәселелерді шешу кезінде соттарда, сондай-ақ басқа да билік пен басқару органдарында академияның мүдделерін білдіру;

  • Ұжымдық шарттарды, салалық келісімдерді дайындауға және жасасуға, «ALT Университеті» АҚ-да еңбек тәртібін нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу бойынша іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;

  • Шағымдарды (претензияларды), сот істерін қарау нәтижелерін, сондай-ақ шаруашылық шарттарын жасасу және орындау тәжірибесін талдау мен қорытындылау жұмыстарын басқару, шарттық тәртіптің сақталуын бақылауды жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу;

  • Құрылымдық бөлімшелердің басшыларына құқықтық көмек көрсету, «ALT Университеті» АҚ қызметкерлеріне заң мәселелері бойынша кеңес беру;

  • Шарттық, қаржылық және еңбек тәртібін нығайту, «ALT Университеті» АҚ мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;

  • «ALT Университеті» АҚ қызметкерлері мен білім алушыларын тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар бойынша қорытындылар дайындау;

  • Мәжбүрлеп өндіріп алуды талап ететін қарыздарды анықтау мақсатында дебиторлық берешектің жай-күйі туралы материалдарды қарауға қатысу;

  • Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарау;

  • Талап арыздарды, апелляциялық, кассациялық және қадағалау шағымдарын, сот пікірлерін (отзыв), өтінішхаттарды, арыздарды және өзге де процестік құжаттарды уақтылы және сапалы дайындауды, сондай-ақ беруді қамтамасыз ету.

Талаптар:

  • Жоғары заңгерлік білім;

  • Мамандық бойынша жұмыс өтілі 7 жылдан кем емес, басқарушылық лауазымда — 3 жылдан бастап;

  • ҚР заңнамасын, соның ішінде еңбек, азаматтық және білім беру құқығын өте жақсы білу;

  • Шарттарды сүйемелдеу, сот процестері және мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу тәжірибесі;

  • Заңгерлер командасын басқару тәжірибесі;

  • Құқықтық тәуекелдерді азайту (минимизациялау) және Университет қызметін құқықтық тұрғыдан сүйемелдеу дағдылары;

  • Жауапкершіліктің жоғары деңгейі, жүйелілік және басқарушылық дағдылар;

  • Мінсіз іскерлік бедел.

БІЗ ҰСЫНАМЫЗ:

  • Ыңғайлы жұмыс кестесі: 08:30 — 17:30, дүйсенбі-жұма;

  • Ресми жұмысқа орналастыру;

  • Қызықты әрі әртүрлі тапсырмалар;

  • Тәжірибелі команда тарапынан қолдау және кәсіби әрі тұлғалық өсу мүмкіндігі;

  • Керемет, позитивті, тату ұжым;

  • Жалақының уақтылы төленуі;

  • Тимбилдингтер.

Skip to content
Приемная комиссия