ЕДББ және БББ
ALT Университеті шетелдің жетекші жоғары оқу орындарымен бірлесіп, халықаралық деңгейдегі білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады. Бұл студенттерге бір уақытта екі диплом алуға немесе интеграцияланған серіктестік форматында білім алуға мүмкіндік береді.
Екі дипломдық білім бағдарламасы – бұл студент ALT Университетінде және шетелдік серіктес университетінде бір мезетте білім алып, нәтижесінде екі ресми мойындалған диплом алатын оқыту форматы.
Бағдарламаның артықшылықтары:
- Екі елде оқу мүмкіндігі
- Екі диплом: ALT + серіктес университет
- Біліктіліктің шетелде танылуы
- Академиялық ұтқырлықтың кеңеюі
- Түлектің бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Бірлескен білім бағдарламасы – ALT Университеті мен шетелдік серіктес жоғары оқу орны бірлесіп әзірлеген интеграциялық білім беру бағдарламасы.
Бағдарламалардың ерекшеліктері:
- Бірыңғай оқу жоспары
- Пәндерді бірлесіп әзірлеу
- Қорытынды аттестаттауға қойылатын ортақ талаптар
- ALT дипломын халықаралық қосымшамен немесе бірлескен сертификатпен беру
Екі дипломдық білім бағдарламалары

Үрімжі кәсіптік университеті (UVU)
Бакалавриат
ББ 6B06172 – «Үлкен деректер технологиясы»
ББ 6B11371 – «Логистиканы заманауи басқару»

И. Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті (КМТУ)
Магистратура
ББ 7M11378 – «Логистика (салалар бойынша)»

Дрезден техникалық университеті, темір жол жүйелері мен қоғамдық көлік институты
Магистратура
ББ 7M11353 – «Жоғары жылдамдықтағы теміржол көлігінде экономика, экология және инфрақұрылым»

Омбы мемлекеттік жол қатынастары университеті (ОмМЖҚУ)
Бакалавриат
ББ 6B07192 — «Темір жолдардың жылжымалы құрамы»
ББ 6B07193 — «Электроэнергетикалық жүйелер мен кешендер»
ББ 6B06213 — «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар және байланыс жүйелері»
Бірлескен білім бағдарлама

Омбы мемлекеттік жол қатынастары университеті (ОмМЖҚУ)
Бакалавриат
ББ 6B07173 – «Жылжымалы құрам инженериясы»


