2025 жылдың 12 және 19 желтоқсанында ALT Университетінің 1-курс студенттері арасында Тәуелсіздік күніне орай «Еркін елдің еркін жастары» атты спорттық турнир өтеді. Іс-шара мақсаты — студенттер арасында патриотизмді, достықты, командалық рухты, жауапкершілікті және спорттық белсенділікті қалыптастыру.
Спорт түрлері және командалық құрам:
-
Шахмат: 2 ұл, 1 қыз
-
Тоғызқұмалақ: 2 ұл, 1 қыз
-
Үстел теннисі: 2 ұл, 1 қыз
-
Қол күресі (ұлдар): 65 кг дейін, 75 кг дейін, +75 кг
-
Еркін күрес (ұлдар): 65 кг дейін, 75 кг дейін, +75 кг
-
Волейбол (аралас): 4 ұл, 2 қыз
-
Баскетбол (аралас): 3 ұл, 2 қыз
Өтетін орындар мен уақыт:
-
№2 Студенттер үйі: шахмат, тоғызқұмалақ, қол күресі, еркін күрес
-
«ACALT» спорт залы (пр. Райымбека 165): волейбол, баскетбол, үстел теннисі
Ұйымдастыру:
Турнир «Дене тәрбиесі» циклының оқытушылары ұйымдастырады. Барлық қатысушылар студенттік ID картасы болуы және бірдей спорттық формада болуы тиіс. Қатысуға өтінімдерді WhatsApp арқылы +7 747 963 26 68 (Төке Сандуғаш Талдыбекқызы) нөміріне жіберуге болады.
Марапаттау:
I, II, III орын алған командалар дипломдармен және ауыспалы кубокпен марапатталады. Жабылу салтанаты 19 желтоқсанда «Логистика және көлік Академиясы Алматы колледжі» спорт залында өтеді.
Қатысу ережелері туралы толық ақпаратты төменде көрсетілген құжаттан білуге болады.


