Select Page

ҚҰРМЕТТІ ҮМІТКЕРЛЕР!

Әскери кафедрада оқу үшін үміткерлерді іріктеу конкурс негізінде жүзеге асырылады және студенттерді іріктеу жөніндегі комиссиямен (бұдан әрі – Іріктеу комиссиясы) 2025 жылғы 22 қыркүйек пен 29 қыркүйек аралығында өткізіледі.

Іріктеу комиссиясының құрамы мен оның жұмыс істеу мерзімі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен бекітілген.

Конкурсқа тек күндізгі бөлімде оқитын, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын студенттер ғана қатыса алады.

Оқуға іріктеу конкурсы төрт кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең – әскери-дәрігерлік сараптама өткізу қағидаларына сәйкес медициналық куәландырудан өту;
Екінші кезең – психологиялық-кәсіби тестілеу өткізу (2025 жылғы 22–24 қыркүйек аралығында);
Үшінші кезең – дене дайындығын тексеру (2025 жылғы 24–27 қыркүйек аралығында);
Төртінші кезең – іріктеу комиссиясының отырысы (2025 жылғы 29 қыркүйекте).

Екінші, үшінші және төртінші кезеңдер іріктеу комиссиясының жұмысы кезеңінде өткізіледі.

Әрбір кезеңнен тек бір рет өтуге рұқсат етіледі. Алдыңғы кезеңнен өтпеген үміткер келесі кезеңге жіберілмейді.

Егер үміткер іріктеу кезеңінің нәтижесімен келіспесе, сол күні іріктеу комиссиясының төрағасына жазбаша түрде өтініш береді. Өтініш бойынша шешім қабылдау және оны хаттамамен рәсімдеу 1 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.

2025 жылғы 29 қыркүйекте сағат 10:00-де әскери кафедраның саптық алаңында үміткерлердің жиналуы болады.

 

СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!

Skip to content
Приемная комиссия