Алақай! 21 қараша, бүгін Foundation курсы басталды!
Біз таныстық, шабыттандық және оқуды бастадық. Барлық тізім құрылды және кесте бекітілді! Біз бастаймыз!
Курстың соңында балалар ағылшын және қытай тілдерінің жоғары деңгейіне ие болатынына сенімдіміз!
«Foundation» бағдарламасының міндеттері:
– тілдік курстар (студенттердің ағылшын тілді оқу ортасына біртіндеп көшуі);
– студенттерді академиялық адалдық ұғымымен таныстыру( көшіру, плагиат), оқу дағдыларын дамыту (конспект жасау, дәйексөз келтіру), уақытты басқару, өз бетінше оқу дағдылары;
– болашақ мамандықтарды саналы түрде таңдау.
Мақсаты-студенттердің академиялық, зерттеу және практикалық дағдыларын, сыни ойлау дағдыларын, тұжырымдамалық әдістерді, сондай-ақ академиялық ағылшын тілі бойынша білімдерін және Академиядағы бакалавриат бағдарламаларында табысты оқу үшін қажетті оқыту дағдыларын дамыту.