«Автоматтандыру және басқару» кафедрасы қатысуға ниет білдірушілерді «Электромонтер» шығармашылық ұжымының жұмысына қосылуға шақырады.
Шығармашылық ұжымның мақсаты: Электромонтаждау жұмыстарының әртүрлі түрлерін орындауға үйрету; темір жол автоматикасы мен телемеханикасының сұлбаларын дұрыс жинау, жиналған сұлбаларды сынақтан өткізу; электрлік өлшеу аспаптарының көмегімен өлшеулер жүргізу.
Өткізу уақыты: әр сенбі сайын сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін
Өткізілетін орны: 2311 аудитория
Ұжым жетекшісі: Сигнализациялау, орталықтандыру және бұғаттау саласында 20 жылдан астам өндірістік өтілі бар «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының ассистент-профессоры – Даутов Ерлан Каримханович.
Баға жетпес тәжірибе алғысы келетіндердің барлығын шақырамыз