
«Мұхаметжан Тынышбаев атындағы АЛТ университеті» акционерлік қоғамы
штаттың кеңеюіне және университетіміздің белсенді дамуына байланысты
профессорлы-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына конкурс жариялайды.
Тәжірибелі мамандарды біздің команданың бір бөлігі болуға шақырамыз!
Құжаттар қабылдау – 13.05.2025 ж. — 26.05.2025 ж. аралығы
«МҰХАМЕТЖАН ТЫНЫШБАЕВ АТЫНДАҒЫ ALT УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
2025-2026 ОҚУ ЖЫЛЫНА
ПОҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЛАУАЗЫМДАРЫНЫҢ ЖАЛАҚЫ ДЕҢГЕЙІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Лауазымы | 2025-2026 оқу жылына арналған жалақы | Педагогикалық (оқыту) жүктемесі |
ғылыми дәрежесі мен атағы үшін қосымша төлемді ескере отырып + жалақының 10% өсуі | ||
Институт директоры | ||
Ғылым докторы, ғылым кандидаты, PhD профессор ғылыми атағымен | 1 101 075 | 120 сағат |
Ғылым докторы қауымдастырылған профессор ғылыми атағымен | 1 069 619 | |
Ғылым докторы | 1 038 163 | |
Ғылым кандидаты, PhD қауымдастырылған профессор ғылыми атағымен | 1 002 775 | |
Ғылым кандидаты, PhD | 971 319 | |
Институт директорының орынбасары | ||
Ғылым докторы, ғылым кандидаты, PhD қауымдастырылған профессор ғылыми атағымен | 822 775 | 190 сағат |
Ғылым докторы қауымдастырылған профессор ғылыми атағымен |
791 319 | |
Ғылым докторы | 759 863 | |
Ғылым кандидаты, PhD қауымдастырылған профессор ғылыми атағымен |
724 475 | |
Ғылым кандидаты, PhD | 693 019 | |
Ғылыми атағы жоқ | 626 175 | |
Кафедра меңгерушісі | ||
Ғылым докторы, ғылым кандидаты, PhD профессор ғылыми атағымен | 892 350 |
Бітіруші кафедра меңгерушісі – 240 сағат Бітірмейтін кафедра меңгерушісі – 270 сағат |
Ғылым докторы қауымдастырылған профессор ғылыми атағымен |
860 894 | |
Ғылым докторы | 829 438 | |
Ғылым кандидаты, PhD қауымдастырылған профессор ғылыми атағымен | 794 050 | |
Ғылым кандидаты, PhD | 762 594 | |
Профессор | ||
Ғылым докторы, ғылым кандидаты, PhD профессор ғылыми атағымен | 664 650 | 370 сағат |
ALT профессоры | 460 сағат | |
Ғылым докторы қауымдастырылған профессор ғылыми атағымен |
607 894 | |
Ғылым кандидаты, PhD қауымдастырылған профессор ғылыми атағымен | 541 050 | |
Қауымдастырылған профессор | ||
Ғылым докторы қауымдастырылған профессор ғылыми атағымен |
607 894 | 460 сағат |
Ғылым кандидаты, PhD қауымдастырылған профессор ғылыми атағымен | 541 050 | |
ALT қауымдастырылған профессоры | ||
Ғылым докторы | 525 838 | 510 сағат |
Ғылым кандидаты, PhD | 458 994 | |
Сениор-лектор | 341 550 | 540 сағат |
Ассистент-оқытушы | 290 950 | 540 сағат |
Тәлімгер оқытушы | 278 575 | 620 сағат |
*Ғылыми дәреже үшін қосымша төлем АЕК сәйкес өзгеруі мүмкін.
Ескерту: ПОҚ үшін жыл қорытындысы бойынша KPI жүйесі, сонымен қатар, семестрлік сыйақы қарастырылған.
- Біздің университетте ғылыми-өндірістік тағылымдамадан өтуге, сонымен қатар шет тілдерін тегін оқуға мүмкіндіктер бар.
- Үміткерлерде IELTS 6.0 сертификаты болса және ағылшын тілін кем дегенде C1 – кәсіби біліктілік деңгейі (Advanced) болса, сағаттық жүктемені азайта отырып, ағылшын тілінде оқытылатын топтарға оқытудың бірегей мүмкіндігі беріледі.
КАФЕДРА БОЙЫНША ПОҚ-ның БОС ОРЫНДАР ТІЗІМІ
Институт және кафедра атауы | ПОҚ лауазымы | Жүктеме саны |
Энергетика және сандық технологиялар институты | ||
Автоматтандыру және басқару кафедрасы | Кафедра меңгерушісі | 1 |
Профессор | 0.5 | |
Қауымдастырылған профессор | 0.5 | |
ALT қауымдастырылған профессоры | 0.5 | |
Ақпараттық-коммуникациялық телекоммуникациялар кафедрасы | «АКТ» циклы | |
Қауымдастырылған профессор | 2 | |
ALT қауымдастырылған профессоры | 6 | |
«РЭжТ» циклы | ||
Кафедра меңгерушісі | 1 | |
Қауымдастырылған профессор | 3 | |
ALT қауымдастырылған профессоры | 5 | |
Энергетика кафедрасы | Қауымдастырылған профессор | 1 |
ALT қауымдастырылған профессоры | 2 | |
Логистика және бизнес институты | ||
Көлік қызметтері және бизнес кафедрасы | «Логистика» циклы | |
ALT қауымдастырылған профессоры | 1 | |
«Көлік қозғалысын ұйымдастыру және көлікті пайдалану» циклы | ||
ALT қауымдастырылған профессоры | 1 | |
«Экономика және бизнес» циклы |
||
ALT қауымдастырылған профессоры | 1 | |
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және дене шынықтыру кафедрасы | «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» циклы | |
ALT қауымдастырылған профессоры | 1 | |
«Дене тәрбиесі» циклы | ||
ALT қауымдастырылған профессоры | 2 | |
Жалпы инженерия кафедрасы | «Қолданбалы физика» циклы | |
Тәлімгер оқытушы | 1 | |
«Инженерлік математика» циклы | ||
ALT қауымдастырылған профессоры | 4 | |
Тәлімгер оқытушы | 1 | |
«Language Education» кафедрасы | Шет тілі | |
ALT қауымдастырылған профессоры | 8 | |
Сениор-лектор | 14 | |
Қытай тілі | ||
ALT қауымдастырылған профессоры | 1 | |
Көлік және құрлыс
институты |
||
Көлік құрылысы кафедрасы | «Механика» циклы | |
Қауымдастырылған профессор | 1 | |
ALT қауымдастырылған профессоры | 1 | |
Тәлімгер оқытушы | 1 | |
«Кадастр» циклы | ||
Қауымдастырылған профессор | 1 | |
ALT қауымдастырылған профессоры | 1 | |
Ассистент-оқытушы | 1 | |
Тәлімгер оқытушы | 1 | |
Сәулет және құрылыс инженериясы кафедрасы | «Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы» циклы | |
Қауымдастырылған профессор | 1 | |
Сениор-лектор | 2 | |
Тәлімгер оқытушы | 1 | |
«Өнеркәсіптік және азаматтық ғимараттар мен құрылыстар құрылысы» циклы | ||
Қауымдастырылған профессор | 1 | |
Сениор-лектор | 1 | |
Ассистент-оқытушы | 1 | |
«Архитектура» циклы | ||
Қауымдастырылған профессор | 2 | |
Сениор-лектор | 1 | |
Ассистент-оқытушы | 1 | |
Жылжымалы құрам кафедрасы | Профессор | 1 |
ALT профессоры | 1 | |
Қауымдастырылған профессор | 1 | |
ALT қауымдастырылған профессоры | 1 | |
Автокөлік құралдары және өміртіршілік қауіпсіздігі кафедрасы | «Автомобильдер және автомобиль шаруашылығы» циклы | |
Профессор | 1 | |
ALT профессоры | 1 | |
Қауымдастырылған профессор | 1 | |
ALT қауымдастырылған профессоры | 1 | |
«Машина жасау» циклы | ||
Профессор | 1 | |
ALT профессоры | 1 | |
Қауымдастырылған профессор | 1 | |
ALT қауымдастырылған профессоры | 1 | |
«Өміртіршілік қауіпсіздігі» циклы | ||
ALT қауымдастырылған профессоры | 1 | |
ИТОГО: | 88.5 |
ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫНЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЛАУАЗЫМДАРЫНЫҢ КОНКУРСТЫҚ-БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАРЫ
«Мұхаметжан Тынышбаев атындағы
ALT университеті» АҚ профессор-оқытушылар құрамы
және институт директорларының
бос лауазымдарын жариялау ережесіне
Қосымша 1
«Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT университеті» АҚ |
Институт директоры: жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесінің және (немесе) философия докторы (PhD)/профиль бойынша доктор дәрежесінің болуы, ғылыми атағының және (немесе) «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» спорттық атағы бар оқытушының болуы құпталады, ғылыми атағының болуы артықшылық болып саналады. Білім беру ұйымдарында немесе мамандығы бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы қажет. Жоғары коммуникативтік дағдылар, ұжымда сенімді, сындарлы және нәтижелі қарым-қатынасты орната білу қабілеті. Шет тілін (мүмкіндігінше ағылшын тілін) білу қосымша артықшылық болып табылады. |
Институт директорының орынбасары: жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесінің және (немесе) философия докторы (PhD)/профиль бойынша доктор дәрежесінің, ғылыми атағының болуы құпталады. Білім беру ұйымдарында немесе мамандығы бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы қажет. Жоғары коммуникативтік дағдылар, ұжымда сенімді, сындарлы және нәтижелі қарым-қатынасты орната білу қабілеті. Шет тілін (мүмкіндігінше ағылшын тілін) білу – қосымша артықшылық болып табылады. |
Кафедра меңгерушісі: жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесінің және (немесе) философия докторы (PhD)/профиль бойынша доктор дәрежесінің болуы, ғылыми атағының болуы құпталады. Білім беру ұйымдарында немесе мамандығы бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы қажет. Жоғары коммуникативтік дағдылар, ұжымда сенімді, сындарлы және нәтижелі қарым-қатынасты орната білу қабілеті. Шет тілін (мүмкіндігінше ағылшын тілін) білу – қосымша артықшылық болып табылады. |
Профессор: ғылым докторы ғылыми дәрежесінің және (немесе) философия докторы (PhD)/профиль бойынша доктор дәрежесінің және уәкілетті орган берген немесе мойындаған «Профессор» ғылыми атағының болуы. Жоғары оқу орнында ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 7 жыл болуы тиіс. Үміткердің ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыруға, оқу, тәрбие және әдістемелік жұмысты ұйымдастыру мен өткізуге қажетті дағдылары болуы қажет. Диссертациялық кеңестердің мүшесі, ғылыми немесе академиялық дәреже ізденушілерінің диссертациялық жұмыстарының ғылыми жетекшісі болуы құпталады, сонымен қатар Қазақстан Республикасында немесе шетелде диссертация қорғаған ізденушілердің болуы. Жарияланған және/немесе ұсынылған оқулықтардың, оқу құралдарының және/немесе монографиялардың және/немесе патенттердің болуы, халықаралық және республикалық ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық бағдарламаларға, гранттық және/немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобаларына, мега-гранттарға жетекшілік етуі артықшылық болып саналады. Жоғары коммуникативтік дағдылар, ұжымда сенімді, сындарлы және нәтижелі қарым-қатынасты орната білу қабілеті. Шет тілін ( мүмкіндігінше ағылшын тілін) білу – қосымша артықшылық болып табылады. |
ALT профессоры: ғылым докторы, ғылым кандидаты және (немесе) философия докторы (PhD)/профиль бойынша доктор ғылыми дәрежесінің, сондай-ақ қауымдастырылған профессор (доцент) немесе аға ғылыми қызметкер ғылыми атағының болуы. Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін үздіксіз ғылыми және/немесе ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 3 жыл және жоғары оқу орындарында жалпы ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 7 жыл болуы тиіс. Үміткер ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыруға, оқу, тәрбие және әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізуге қажетті дағдыларға ие болуы керек. Диссертациялық кеңестердің мүшесі, ғылыми немесе академиялық дәреже ізденушілерінің диссертациялық жұмыстарының ғылыми жетекшісі болуы құпталады, сондай-ақ диссертация қорғаған ізденушілердің Қазақстан Республикасында немесе шетелде қорғалуы – артықшылық болып саналады. Шет тілін (ағылшын тілін) білу және «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өту – қосымша артықшылық болып табылады. |
Қауымдастырылған профессор: ғылым докторы немесе ғылым кандидаты және (немесе) философия докторы (PhD)/профиль бойынша доктор ғылыми дәрежесінің, сондай-ақ ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган берген немесе мойындаған қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағының болуы. Жоғары оқу орнында ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 6 жыл болуы қажет. Үміткер ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, оқу, тәрбие және әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру мен жүзеге асыруға қажетті дағдыларға ие болуы тиіс. Білім беру бағдарламасының ерекшелігін ескере отырып, оқу бағдарламаларын, оқу құралдарын, оқулықтарды, әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу қабілеті болуы қажет. Фандрайзинг пен коммерцияландыру бойынша дағдылардың болуы маңызды. Шет тілін (әсіресе ағылшын тілін) білу және «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өту – қосымша артықшылық болып табылады. |
ALT қауымдастырылған профессоры: жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі (5 жылдық) білім, ғылым докторы немесе ғылым кандидаты және (немесе) философия докторы (PhD)/профиль бойынша доктор ғылыми дәрежесінің болуы, уәкілетті органмен берілген немесе танылған. Жоғары оқу орнында ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық бойынша салалық басшылық лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі болуы қажет. Үміткер ғылыми-зерттеу қызметін жүргізу, оқу, тәрбие және әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру мен жүзеге асыруға қажетті дағдыларға ие болуы тиіс. Білім беру бағдарламасының ерекшелігін ескере отырып, оқу бағдарламаларын, оқу құралдарын, оқулықтарды, әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу қабілеті болуы қажет. Фандрайзинг пен ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру бойынша дағдылардың болуы құпталады. Шет тілін (мүмкіндігінше ағылшын тілін) білу – қосымша артықшылық болып табылады. |
Сениор-лектор: жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі (5 жылдық) білім. Жоғары оқу орнында ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 3 жыл немесе мамандығы бойынша практикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болуы қажет. Үміткер ғылыми-зерттеу қызметін жүргізу, оқу, тәрбие және әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру мен жүзеге асыруға қажетті дағдыларға ие болуы тиіс. Білім беру бағдарламасының ерекшелігін ескере отырып, оқу бағдарламаларын, оқу құралдарын, әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу қабілеті болуы қажет. Шет тілін (мүмкіндігінше ағылшын тілін) білу – қосымша артықшылық болып табылады. |
Ассистент-оқытушы: жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі (5 жылдық) білім. Жоғары оқу орнында ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 1 жыл немесе мамандығы бойынша практикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуы қажет. Шет тілін (мүмкіндігінше ағылшын тілін) білу – қосымша артықшылық болып табылады. |
Тәлімгер оқытушы: жоғары білім. Компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеу дағдылары. Шет тілін (мүмкіндігінше ағылшын тілін) білу – қосымша артықшылық болып табылады. |
Ескертулер:
- Конкурсқа қатысушыларды таңдау кезінде келесі талаптарды қанағаттандыратын үміткерлерге басымдық беріледі: ғылыми-зерттеу жобалары; патенттер мен авторлық куәліктер; ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі (МНиВО РК) қаржыландыратын, түрлі халықаралық қорлар немесе басқа ұйымдар тарапынан қаржыландырылатын негізгі және қолданбалы зерттеулер бойынша гранттар; тапсырыс берушілермен келісім-шарттар негізінде орындалған НИОКР, НЦГНТЭ-де тіркелген; IELTS немесе TOEFL сертификаттары.
КЕРЕКТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ
- Өтініш (1 үлгі);
- Анкета (2 үлгі);
- Жеке куәлік көшірмесі;
- Білімі туралы, ғылыми немесе академиялық дәрежесі бар екендігін растайтын дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттың көшірмелері. Шетел тілінде берілген дипломдарға мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасы қоса тіркелуі міндетті;
Кафедра меңгерушісі, институт директоры лауазымына үміткерлер үшін құрылымның даму бағдарламасының жобасы (көлемі 3 слайдтан аспауы тиіс); ПОҚ бос лауазымына үміткерлер үшін оқу пәні бойынша жоба презентациясы. Презентация электрондық форматта ұсынылады, көлемі 5 слайдтан аспауы тиіс; - Сәйкес құрылымдық бөлімнің дамыту бағдарламасының жобасы (кафедра меңгерушісі, институт директорларының бос лауазымдарына үміткерлер үшін) көлемі 3 слайдтан артық емес; оқу пәні бойынша жобаның презентациясы (ПОҚ бос лауазымына үміткерлер үшін). Презентация 5 слайдтан аспау керек және электронды түрде тапсырылады;
- Қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы (оқытылатын пәндер бойынша) куәліктердің көшірмелері және оларды салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары (соңғы 3 жыл, 72 сағаттан кем емес) тыңдаушы есебімен қоса (еркін формада);;
- Ғылыми басылымдар, жұмыстар мен өнертабыстар тізбесі (соңғы 5 жыл) (3 үлгі);
- Өтініш берушілердің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмелері;
- Соттылығының жоқтығы туралы анықтама, қатысушының наркологиялық және психоневрологиялық ұйымдарда есепте тұрмағаны туралы ХҚО-ның анықтамалары;
«Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT университеті» АҚ-да жұмыс істейтін үміткерлер 3, 4, 6, 7, 8-тармақтар бойынша құжаттарды тапсырудан босатылады.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (бұрынғы жұмыс орны басшылығының ұсынымдары), сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.
КОНКУРС ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ ҚАҒАЗ ТҮРІНДЕ ұсынбаған және өтінім мен құжаттарды берудің белгіленген мерзімдерін бұзған жағдайда, өтінім беруші конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Қазақстан Республикасының басқа қаласынан келген үміткер конкурстық құжаттарды сканерден өткізілген нұсқада электрондық поштаға (konkurs2023@alt.edu.kz) немесе Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 97 адресіне жіберуіне болады.
«Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT университеті» Акционерлік қоғамы
Профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына конкурс өткізетін орын:
Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 97
Құжаттар қабылдау: «Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT университеті» АҚ https://alt.edu.kz ресми сайтында жарияланған күннен 14 күнтізбелік күн ішінде 13.05.2025-26.05.2025 аралығында
Құжаттар қабылданатын мекен-жай: Алматы қ. Шевченко көш., 97
2712 кабинет — HR департаменті.
Жұмыс күндері (дүйсенбіден жұмаға дейін, 08.30-17.30 сағат аралығы)