ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
Сіздерді 2022 жылы 29 сәуірде Логистика және көлік академиясында оқытушыларға, жас ғалымдарға, PhD докторанттарға, аспиранттарға, магистранттар мен жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған «Көліктегі инновациялық технологиялар: білім, ғылым, өндіріс» атты дәстүрлі II Халықаралық конференцияға қатысуға шақырамыз.
Конференция жұмысының негізгі бағыттары (секциялар):
- Телекоммуникация секторындағы ақпараттық технологиялар;
- Көліктегі автоматика мен автоматтандырудағы инновациялар;
- Электр энергетикасындағы өзекті мәселелер;
- Көлік-логистикалық кешенде инновацияларды дамыту, модельдеу және басқару;
- Дене шынықтыру және спорт саласындағы әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқытудағы инновациялық технологиялар;
- Жылжымалы құрамның құрылымы, пайдалану және жөндеу;
- Автомобильдер және жол техникасы;
- Көлік секторындағы инновациялар. Даму болашағы.
- Көлік саласы инженерлерінің көптілді тұлғасын қалыптастырудағы технологиялар;
- Жаратылыстану-ғылыми пәндер.
Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.
Конференцияға ұсынылатын баяндамалар өзекті ғылыми зерттеулердің нәтижелерін қамтуы немесе практикалық маңызды болуы керек. Көзбе-көз қатысқан студенттердің үздік баяндамалары АЛиТ дипломдарымен марапатталып, ұйымдастыру комитетінің шешімі негізінде конференцияның еңбектер жинағына енгізілетін болады.
Конференцияға қатысу формасы – күндізгі / сырттай.
Конференция қорытындысы бойынша ЕЭБ-ке кіретін және ISBN халықаралық нөмірін беретін конференция материалдарының жинағы шығарылады.
Баяндамаларды және тіркеу нысандардын соңғы ұсыну мерзімі 24.04.2022 ж. дейін.
Конференцияға қатысу үшін қағаз және электронды тасығыштарда Конференцияның ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына ұсыну қажет: isc@alt.edu.kz «II Халықаралық конференция» тақырыбына міндетті түрде хат көрсете отырып, келесі материалдар:
– қатысуға өтініш (файлдың атауы бірінші автордың тегіне сәйкес келуі тиіс);
-рәсімделген мақала (тіркелген файлдың атауында: бірінші автордың тегі, мақаланың атауы көрсетілсін);
– төлем туралы түбіртек.
Жинақтың электрондық нұсқасын ала отырып, авторлары үшін бір мақаланы жариялау құны 5000 теңгені құрайды.
РЕКВИЗИТТЕР:
» Логистика және көлік академиясы » Акционерлік қоғамы
050012 Алматы қ., Шевченко к.,97
БИН 010740000551, КБЕ: 17
№ счета KZ6184901KZ503555000 «Нұрбанк» АҚ
БИК NURSKZKX
НДС серия 60001 №1218806 27.01.2021 жыл
Ақша аудару кезінде «АЛТ II Халықаралық конференциясының материалдарында жарияланғаны үшін» деген белгі қойып, өзінің тегі мен аты-жөнін көрсету қажет.
Конференцияға келуге, қонақ үйде орналастыруға байланысты шығындар қатысушылардың немесе жіберуші тараптың есебінен жүзеге асырылады.
Шетелдік қатысушылар ақшалаларын Жинақта тегін жариялауға құқылы.
Барлық материалдар талаптарға сәйкес ресімделіп, мұқият редакциялануы тиіс. Талаптарға сәйкес келмейтін және белгіленген мерзімнен кейін ұсынылған материалдар қаралмайды және кері жіберілмейді. Ұйымдастыру комитеті еңбектер жинағына енгізу үшін баяндамаларды іріктеу құқығын өзіне қалдырады.
КОНФЕРЕНЦИЯНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ: 050012,Республика Казахстан, Алматы, Шевченко көшесі 97, АЛТ, каб. 2605. Тел.: +7 (727) 346-10-74. E- mail: dn@alt.edu.kz.
II Халықаралық конференция туралы ақпарат сайтта орналастырылған: www.alt.edu.kz
ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ