Логистика және көлік академиясында Қазақстанның жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласында баяндалған заманауи талаптарға сәйкес «Көліктік экологистика» білім беру бағдарламасы құрылған. Осы құжатқа сәйкес «Экологист» жаңа мамандық «KTZ Express» АҚ, «TRANSLINE», «Транко», «DHL логистика Казахстан» ЖШС, «Qarsan SCM» халықаралық жобалау-логистикалық компаниясы, «MSC Mediterranean Shipping Company», «Фрахтовая ТрансАл компаниясы» ЖШС және т.б., сияқты Қазақстан Республикасының ірі халықаралық компаниялары және компанияларына 2025 жылдан бастап-ақ қажет болады.
ЭКОЛОГИСТ – «жасыл» логистика саласындағы экологиялық нормативтерді ескеретін және қоршаған ортаға теріс әсерді барынша азайтуды қамтамасыз ететін (атмосфераға, суға, топыраққа шығарындылар, қалдықтар және т. б.), жеткізу тізбектерін қалыптастыратын және басқаратын, экологияда, логистикада, тасымалдау мен басқаруда заманауи және перспективалық міндеттерді шешудің инновациялық әдістерін қолданатын маман болыа табылады.
«Көліктік экологистика» білім беру бағдарламасын ойдағыдай меңгерген маман логистикалық компанияларда да, көлік және экологиялық саланың кез келген кәсіпорындарында да сұранысқа ие болады, өйткені ол логистика жөніндегі менеджер, жеткізу тізбегінде жүк тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі инженер, өндірістік логистика жөніндегі менеджер, инженер-эколог, экологист сияқты мамандықтардың құзыреттерін меңгеретін болады.