Құжаттар қабылдау – 15.02.2024 ж. – 28.02.2024 ж. аралығы
КАФЕДРА БОЙЫНША ПОҚ-ның БОС ОРЫНДАР ТІЗІМІ:
Институт және кафедра атауы |
ПОҚ лауазымы |
Жүктеме саны |
«Ақпараттық-коммуникациялық телекоммуникациялар» кафедрасы |
Цикл «РЭТ» |
|
Ассистент –профессор |
1 |
|
Сениор-лектор |
1 |
|
|
|
|
«Жалпы инженерия» кафедрасы |
Кафедра меңгерушісі |
1 |
Цикл «Физика» |
||
Ассистент-профессор |
1 |
|
Цикл «Математика» |
||
Ассистент-профессор |
1 |
|
|
|
|
«Құрылыс инженериясы» кафедрасы |
Қауымдастырылған профессор |
1 |
|
Барлығы БАРЛЫҒЫ: |
6 2,5 |
«ЛжКА» АҚ профессор-оқытушылар құрамы
және институт директорларының
бос лауазымдарын жариялау ережесіне
Қосымша 1
«ЛжКА» АҚ профессор-оқытушылар құрамының |
Кафедра меңгерушісі: жоғары оқу орнынан кейінгі және/немесе жоғары білімі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, білім беру ұйымдарындағы басшы лауазымдарда немесе мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі. Компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеу дағдысы. Бағдарламалық құжаттар мен жобаларды, білім беру бағдарламаларын құрастыра білу. Өз бағдарламаларын іске асыру, қажетті ресурстарды жинау және коммерцияландыру дағдыларының болуы. Аналитикалық қабілеттерді дамыта білу. Ұжымда сенімді және тиімді іскерлік қарым-қатынас орната білу қабілеттілігінің болуы. Мүмкіндігінше В2 деңгейінен төмен емес шет тілін білу қажеттілігі. |
Қауымдастырылған профессор: ғылыми дәрежесінің, «доцент (доцент) ғылыми атағы, университетте 5 жылдан кем емес ғылыми-педагогикалық қызмет өтілінің болуы. Компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеу дағдысы. Іске асырылып жатқан білім беру бағдарламасының ерекшеліктерін ескере отырып, бағдарламалық құжаттар мен жобаларды, оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді, оқулықтарды, әдістемелік ұсыныстарды әзірлеу мүмкіндігі. Өз бағдарламаларын іске асыру, қажетті ресурстарды жинау және коммерцияландыру дағдыларының болуы. ТОП-500-ге енген ЖОО дипломы, «Болашақ» бағдарламасы бойынша алынған диплом. Мүмкіндігінше В2 деңгейінен төмен емес шет тілін білу қажеттілігі. |
Ассистент-профессор: ғылыми дәрежесі, жоғары оқу орнында ғылыми-педагогикалық қызметте кемінде 5 жыл жұмыс өтілі немесе осы мамандық бойынша кемінде 15 жыл жұмыс өтілі бар мамандық саласындағы өндірістегі басшылық лауазымда болуы. Компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеу дағдысы. Іске асырылып жатқан білім беру бағдарламасының ерекшеліктерін ескере отырып, бағдарламалық құжаттар мен жобаларды, оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді, оқулықтарды, әдістемелік ұсыныстарды әзірлеу мүмкіндігі. Өз бағдарламаларын іске асыру, қажетті ресурстарды жинау және коммерцияландыру дағдыларының болуы. Мүмкіндігінше В2 деңгейінен төмен емес шет тілін білу қажеттілігі. |
Сениор-лектор: жоғары оқу орнынан кейінгі және/немесе жоғары білім (5 жыл) немесе магистр дәрежесі, жоғары оқу орнында ғылыми-педагогикалық қызметте кемінде 3 жыл немесе мамандығы бойынша практикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл. Үміткерде ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыруға, оқу-тәрбие, оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргізу үшін қажетті дағдылары болуы керек. Компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеу дағдысы. Мүмкіндігінше В2 деңгейінен төмен емес шет тілін білу қажеттілігі. |
Ескертулер:
Конкурсқа қатысушыларға артықшылық беріледі:
– Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігі, түрлі халықаралық қорлар қаржыландыратын ғылыми жобалар, патенттер мен авторлық куәліктер, іргелі және қолданбалы зерттеулерге гранттар және т.б.ұтып алған және қатысқан болса;
– IELTS, TOEFL сертификаттары.
«ЛОГИСТИКА ЖӘНЕ КӨЛІК АКАДЕМИЯСЫ» АҚ 2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНА ПОҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЛАУАЗЫМДАРЫНЫҢ ЖАЛАҚЫ ДЕҢГЕЙІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Лауазымы |
Ғылыми дәрежені қоса есептегенде, санатқа байланысты жалақы, теңгемен |
Кафедра меңгерушісі |
500 000 |
Қауымдастырылған профессор |
350 000 |
Ассистент-профессор |
310 000 |
Сениор-лектор |
270 000 |
Ескерту: ғылыми дәрежелер үшін қосымша төлемдер қарастырылған:
ғылым кандидаты, PhD докторы – 17 АЕК;
ғылым докторы – 34 АЕК
КЕРЕКТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:
- Өтініш (1 үлгі);
- Анкета (2 үлгі);
- Жеке куәлік көшірмесі;
- Білімі, дәрежесі, ғылыми атағы дипломдарының көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары. Шет тіліндегі дипломдар үшін мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасы міндетті түрде қоса беріледі;
Институт директоры, институт директорының орынбасары, кафедра меңгерушісі, профессор, қауымдастырылған профессор, ассистент-профессор лауазымдарында ғылыми дәреженің болуы: ғылым докторы, ғылым кандидаты немесе академиялық дәреже: профиль бойынша доктор, философия докторы (PhD). - Сәйкес құрылымдық бөлімнің дамыту бағдарламасының жобасы (кафедра меңгерушісі, институт директорларының бос лауазымдарына үміткерлер үшін) көлемі 3 слайдтан артық емес; оқу пәні бойынша жобаның презентациясы (ПОҚ бос лауазымына үміткерлер үшін). Презентация 5 слайдтан аспау керек және электронды түрде тапсырылады;
- Мүмкіндігінше қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы куәліктердің көшірмелері және оларды салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары (соңғы 3 жыл, 72 сағаттан кем емес);
- Ғылыми басылымдар, жұмыстар мен өнертабыстар тізбесі (соңғы 5 жыл) (3 үлгі);
- Өтініш берушілердің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмелері;
- Соттылығының жоқтығы туралы анықтама, қатысушының наркологиялық және психоневрологиялық ұйымдарда есепте тұрмағаны туралы ХҚО-ның анықтамалары;
«ЛжКА» АҚ-да жұмыс істейтін үміткерлер 3, 4, 6, 8, 9-тармақтар бойынша құжаттарды тапсырудан босатылады.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (бұрынғы жұмыс орны басшылығының ұсынымдары), сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.
КОНКУРС ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ ҚАҒАЗ ТҮРІНДЕ ұсынбаған және өтінім мен құжаттарды берудің белгіленген мерзімдерін бұзған жағдайда, өтінім беруші конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Қазақстан Республикасының басқа қаласынан келген үміткер конкурстық құжаттарды сканерден өткізілген нұсқада электрондық поштаға (konkurs2023@alt.edu.kz) немесе Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 97 адресіне жіберуіне болады.
«Логистика және көлік академиясы» Акционерлік қоғамы
Профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына конкурс өткізетін орын:
Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 97
Құжаттар қабылдау: «ЛжКА» АҚ » https://alt.edu.kzресми сайтында жарияланған күннен 14 күнтізбелік күн ішінде 15.02.2024-28.02.2024 аралығында
Құжаттар қабылданатын мекен-жай: Алматы қ. Шевченко көш., 97
2712 кабинет – HR департаменті.
Жұмыс күндері (дүйсенбіден жұмаға дейін, 08.30-17.30 сағат аралығы)