Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығымен бекітілген (30.10.2020ж. № 466 өзгертулермен)«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларына (бұдан әрі «Қағидалар»)сәйкес өткізіледі.
Конкурстың ЖОО ішілік кезеңіне келесі талаптарға сай келетін ПОҚ қатыса алады:
- ЛжКА АҚ штаттық оқытушылары болып табылатындар;
- Конкурсқа құжаттарын тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үзіліссіз ғылыми-педагогикалық өтілі барлар.
Конкурсқа қатысқысы келетін үміткерлер 2021 жылдың 26 қазанына дейін Академиялық саясат және сапа департаментіне (ӘҚжМ, 26-01 кабинеті) келесі құжаттарды тапсыруы қажет:
- «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларының 1-қосымшасынасәйкес үлгідегі өтінім;
- Сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер (қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес);
- Институт кеңесінің ұсыныстары;
- Жылдық жұмыс жоспар-кестесі (қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес);
- Кадрларды есепке алу бойынша жеке парақ;
- Жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Жауапты: ДАПК әдістемелік қамтамасыз ету және сапа бөлімінің әдіскері,
Қабидоллиева Гүлдана
Кабинет: 26-01
e-mail: g.kabidollova@alt.edu.kz