«QazInnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ 2021 жылғы 4 қыркүйекте «Өнімдік ойлау» білім беру бағдарламасы басталатынын хабарлайды.
Оқыту аясында қатысушыларға 8 апта ішінде өнімді іске қосу мен дамытудың ең жақсы әдістерін игеруге мүмкіндік беріледі:
- Customer Development және Jobs-to-be-Done тұтынушыларын зерттеу;
- жоба экономикасын есептеу (юнит-талдау);
- нарық пен бәсекелестерді талдау;
- маркетинг (Growth Hacking).
Оқуды аяқтаған соң қатысушылар өз жобаларын коммерцияландыру дағдыларына және бүкіл әлемде сұранысқа ие жаңа продакт-менеджера мамандығы туралы сертификатқа ие болады.
Бағдарлама жоғары курс студенттері, магистранттар мен докторанттар арасында кәсіпкерлік сауаттылықты арттыруға, инновацияларды дамытуға ынталандыруға және дарынды түлектер үшін жоғары ақы төленетін жұмыс орындарын құруға бағытталған.
Бағдарлама мазмұны туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://clck.ru/Wb4Tc.
Бағдарламаны қоғам және Tech Hub АХҚО трекерлер академиясымен (РФ) және Астра онлайн-университетімен бірлесіп іске асырады.
Бағдарламаға қатысу – тегін, конкурстық іріктеуден өту қажет. Тестілеуден өткен жағдайда http://eaes-tracking.org/new сілтеме бойынша өтінім беру қажет.
Өтінім беру мерзімі – 2021 жылғы 25 тамызға дейін. Оқыту форматы 8 апта бойы, аптасына 6 күн онлайн-сабақтарды қарастырады, оның шеңберінде тәжірибелік кейстерді шешу қажет болады (сабақ күніне 1-1,5 сағат өтіледі). Бұл ретте үй тапсырмасын орындамайтын және оқуда белсенділік танытпайтын қатысушылар оқудан шығарылады.