Select Page

16.03.2022 ж. сағат 17.00-де «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының ұйымдастыруымен онлайн режимде Ресей көлік университетінің (МКИИ) (РФ, Мәскеу қ.) «Теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс» кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы Виктор Иннокентьевич Шамановтың «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының профессор-оқытушы құрамы, студенттер және магистранттары үшін «Айнымалы токтың тарту желілері бар пойыздар қозғалысын интервалды реттеу жүйелерінің электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбында дәріс өтеді.

Соңғы 10 жылда В.И. Шамановтың 150-ден астам ғылыми еңбектері жарық көрді, оның ішінде темір жол автоматикасы мен телемеханикасы жүйелерінің (ТАТЖ) сенімділігі және ТАТЖ электромагниттік үйлесімділігі саласындағы ғылыми мақалалар, патенттер, авторлық куәліктер, оқулықтар мен оқу құралдары бар.

Виктор Иннокентьевич 1977 жылдан 1994 жылға дейін біздің Логистика және көлік академиясында «Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс» (қазіргі уақытта «Автоматтандыру және басқару» кафедрасы) кафедрасының доценті және меңгерушісі болып жұмыс істеді.

Форматы және өтетін орны: оффлайн түрде 2702 конференция-залында, онлайн түрде Microsoft Teams платформасындағы сілтеме бойынша:

https://teams.microsoft.com/l/meetup-join

Ұйымдастырушы: «Автоматтандыру және басқару» кафедрасы

 

Приемная комиссия