Select Page

«Жас темір» жас мамандарды дамыту бағдарламасының мақсаты – « «ҚТЖ» ҰК» АҚ кәсіпорындарын теміржол саласы бойынша компаниялардың даму перспективаларын және тәлімгерліктің үздік тәжірибелерін енгізуді ескере отырып, білікті мамандармен қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

  • ҚР азаматтығы;
  • Нұр-сұлтан қ., « «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелерінде ротациялардан өту

Бағдарламаның мақсатты тобы – 2020-2022 жылдардағы жоғары оқу орындарының теміржол мамандықтарының түлектері, олар өз ісінің маманы болуға және еңбек жолын « «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да бастауға ниетті.

Жас мамандар бес кезеңнен тұратын конкурстық іріктеуден өтеді. Бағдарламаның басты артықшылығы компанияның тәжірибелі қызметкерлері қатарынан жеке тәлімгерлердің басшылығымен жас мамандарды жедел дамыту болып табылады. Қатысушылар 3 ротациядан өтеді, әрқайсысы 5 айға созылады, « «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелерінде.

Жас маман не алады?

  • әрбір ротация алдында оқыту;
  • жеке тәлімгерлер;
  • негізгі мамандық бойынша 3 ротация;
  • ай сайынғы жалақы;
  • жатақхана компания есебінен;
  • мақсаттарды жоспарлау және жеке даму жоспарлары;
  • кәсіби мамандармен жұмыс.

« «ҚТЖ» ҰК» АҚ кәсіби мансапты армандайтын талантты жастарды қатысуға шақырады.

Қатысушылардан өтінімдер 2022 жылғы 1 қаңтардан 11 наурызға дейін қабылданады.

Ол үшін тіркеу формасын толтырып, Zhas-Temir@Railways.kz электронды мекен-жайға жіберулеріңізді сұраймыз.

Бағдарлама қорытындысы бойынша үздік қатысушылар жұмысқа орналастырылады.

Қосымша ақпарат алу үшін сілтемелерден өту керек:

https://railways.kz/articles/korporativnaya_socialnaya_otvetstvennost/programma_razvitiya_molodyh_specialistov_jas_temir

Приемная комиссия