Сіздерді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерен ерлігінің нәтижесі- Еліміздің мемлекеттік егемендігі осы күннен басталады!
Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз Еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда!
Жас Ұрпақтың әлеуетін білімділікке, біліктілікке, жоғары мәдениеттілікке, тәрбиелілікке, Ұлттық құндылықтарымызды бағалауға: Елін, Жерін, Отанын сүюге бағыттайық!
Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сіздерге игілік пен бақыт, бақ – дәулет, ырыс тілейміз!
Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!