- Күндізгі оқу бөлімі бойынша білім алушылардың ауысу және қайтадан келу туралы өтініштерін Академия басшылығы жазғы каникул кезінде келесі академиялық кезең басталғанға дейін бес күн ішінде қарайды.
- Жоғары оқу орындарының студенттері оқудан шығарылғаннан кейін, егер олар жеке оқу жоспарына сәйкес игерілетін бағдарламаның бірінші академиялық кезеңін аяқтаған болса, оқуға ауыстырылуы немесе қалпына келтірілуі мүмкін.
- Академияға басқа ЖОО-нан студенттерді ауыстыру және қайтадан келу кезінде барлық кезең үшін ең төменгі GRA ағымдағы оқу жылына Академияның Ғылыми кеңесінің шешімімен бекітілген деңгейден төмен болмауы керек:
– бакалавриаттың күндізгі бөлімінде:
1) 1-ші курстан 2-ші курсқа – 1,02;
2) 2-ші курстан 3-ші курсқа – 1,2;
3) 3-ші курстан 4-ші курсқа – 1,4;
– техникалық және кәсіптік білім беру негізінде бакалавриаттың күндізгі бөлімінде:
1) 1-ші курстан 2-ші курсқа – 1,02;
2) 2-ші курстан 3-ші курсқа – 1,4;
– жоғары білім негізінде бакалавриаттың күндізгі бөлімінде:
1) 1-ші курстан 2-ші курсқа – 1,5;
2) 2-ші курстан 3-ші курсқа – 1,4;
– техникалық және кәсіптік білім беру базасында ҚББT пайдалана отырып бакалавриаттың күндізгі бөлімінде:
1) 1-ші курстан 2-ші курсқа – 1,02;
2) 2-ші курстан 3-ші курсқа – 1,4;
– жоғары білім негізінде ҚББT пайдалана отырып бакалавриаттың күндізгі бөлімінде:
1) 1-ші курстан 2-ші курсқа – 1,02;
2) 2-ші курстан 3-ші курсқа – 1,4;
– магистратурада: курстан курсқа – 1,65;
– докторантурада: курстан курсқа – 2,33.
- Білім алушыны Академияға шетелдік білім беру ұйымынан ауыстыру немесе қайтадан келтіру кезінде игерілген оқу бағдарламалары (академиялық аттестат немесе транскрипт), сондай-ақ білім берудің алдыңғы деңгейін аяқтағаны туралы құжат ұсынылады. Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында нострификациялау рәсімі арқылы жүзеге асырылады.
- Білім грантын сақтай отырып, басқа ЖОО-дан ауысу үшін жіберуші ЖОО-ның курстан ағымдағы жылдың курсына ауыстыру туралы бұйрық, университет басшылығының мөрімен қол қойылған өтініші, белгіленген шекті баллдан төмен емес балл жинаған ҰБТ немесе КТ сертификатының көшірмесі міндетті түрде болу керек.
- Білім алушыларды ауыстыру және қайтадан келтіру кезінде олардың алдыңғы академиялық кезеңдерінде оқыған жұмыс оқу жоспарларының пәндеріндегі академиялық айырмашылық анықталады.
- Пәндер бойынша қарызды/айырмашылықты жою үшін таңдау курсы бойынша әр семестрде ақылы негізде, бір семестрде 10 кредит көлемінде, жазғы семестрде 25 кредитке дейін қосымша тіркелуге рұқсат етіледі.
- Оқу жылы (курс) игерілген пәндерді, пререквизиттерді ескере отырып белгіленеді. Ауыстыру және қайтадан келтіру, егер оқу жоспарларындағы айырмашылық 30 (отыз) ECTS кредитінен аспаса және олардың орташа академиялық баллға (GRA) қол жеткізуі 3 тармақта белгіленгеннен төмен болмаса, сол курс (оқу жылы) бойынша жүзеге асырылады.
- Соңғы курсқа ауыстыру және қайтадан келтіру үшін академиялық айырмашылық 10 кредиттен аспауы керек.
- Студент оқудан шығарудың ескіру мерзіміне қарамастан, 2-тармақтың талаптарын ескере отырып, қайта келтірілуге құқылы.
- Қайтадан келтіру тек ақылы бөлімде жүзеге асырылады.
Білім беру бағыттары бойынша жауапты тұлғалардың контактілері:
«Электртехника және автоматтандыру», «Электртехника және энергетика», «Байланыс және коммуникациялық технологиялар» оқу бағдарламаларының топтары бойынша
8-707-961-22-00 – Айгерим Ділдәбекқызы (директор орынбасары),
8-705-727-24-42 – Жансулу Сарсембековна (Тіркеу кеңсесінің әдіскері);
«Көлік құралдары», «Магистральдық желілер және инфрақұрылым», «Көлік объектілері», «Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және құрылыс» оқу бағдарламалары топтары бойынша
8-707-595-52-51 – Гульжамал Уйезбековна (директор орынбасары),
8-705-727-24-42 – Айдана Кайратовна (Тіркеу кеңсесінің әдіскері);
«Көлік қызметі» білім беру бағдарламалары тобы бойынша
8-701-741-41-82 – Салтанат Ергазиевна (директор орынбасары),
8-747-715-29-41 – Калдыгуль Кадырбековна (Тіркеу кеңсесінің әдіскері);
Білім беру бағдарламаларының кез келген тобының қашықтықтан технологиялары бойынша
8-707-205-01-03 – Шамиль Аскарович (директор орынбасары),
8-701-610-08-38 – Ляззат Хайдаровна (Тіркеу кеңсесінің әдіскері);
Білім беру бағдарламаларының кез келген тобының жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалары үшін
8-707-863-31-46 – Айтолкын Шалкарбековна (маман).