Select Page

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті «ЖОО-ның үздік оқытушысы — 2025» конкурсының өткізілетіндігін хабарлайды.

Байқаудың бірінші (ЖОО ішіндегі) кезеңі 2025 жылғы 3 қараша мен 14 қараша арасында өтеді.

Байқаудың екінші кезеңі 2025 жылғы 1 желтоқсан мен 12 желтоқсан аралығында өткізіледі.

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру ережесі: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500010506.

Конкурстың I кезеңіне қатысу үшін штаттық оқытушылар арасынан шыққан үміткерлер ҚР БҒМ ақпараттық жүйесі арқылы келесі құжаттарды тапсырады (universitycontest2025.iac.kz):

1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына қатысу бойынша үлгідегі өтінім;

2) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер (нақты мерзімі көрсетілген тармақтарды қоспағанда, соңғы 5 жылдағы мәліметтер (2025, 2024, 2023, 2022, 2021 жж));

3) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес жылдық жұмыс жоспар-кестесі (2025-2026 оқу жылы);

4) кадрларды есепке алу жеке іс парағы;

5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Байқаудың бірінші кезеңіне апелляцияны қабылдау 2025 жылғы 17-19 қараша аралығында өтеді.

«ЖОО-ның үздік оқытушысы» конкурсын өткізу туралы ереже Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығымен бекітілген. Бұдан басқа, жоғарыда аталған конкурстың жеңімпаздары мен «Үздік ғылыми қызметкер» атағының иегерлері аталған конкурсқа соңғы он жыл ішінде қатыспайды.

Skip to content
Приемная комиссия