Select Page

«Көлік құрылысы» кафедрасы

Тулемисов Темиргали

"Көлік құрылысы" кафедрасының меңгерушісі

Тулемисов Темиргали Жетешович, ALT қауымдастырылған профессоры, т. ғ.к., Зерттеуші

Байланыс мәліметтері: каб. № B 413
e-mail: t.tulemisov@alt.edu.kz

Кафедра тарихы

1976 жылы Ташкент теміржол көлігі инженерлері институтының Алматы филиалы Алматы теміржол көлігі инженерлері институты (АлИИТ) болып қайта құрылды. АлИИТ ашылуымен қатар «Жол және құрылыс өндірісі» кафедрасы ұйымдастырылып, онда 1209 – «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша инженер-құрылысшыларды және 1210 – «Теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы» мамандығы бойынша қатынас жолдары инженер-құрылысшыларын даярлау жүргізілді.

1977 жылы «Жол және құрылыс өндірісі» кафедрасы негізінде екі кафедра құрылды:

  1. «Жол және жол шаруашылығы» кафедрасы.
  2. «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» кафедрасы.

1996 жылы Алматы теміржол көлігі инженерлері институты мен Алматы автомобиль-жол институты негізінде М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы құрылды.

1978-2008 жылдар аралығында «Жол және жол шаруашылығы» кафедрасында «Теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы» мамандығы бойынша қатынас жолдары инженер-құрылысшылары даярланды.

1984 жылы «Жол және жол шаруашылығы» кафедрасы базасында алғаш рет аспирантура ашылды.

2000 жылы «Жол және жол шаруашылығы» кафедрасы базасында алғаш рет докторантура ашылды.

2008 жылы «Жол және жол шаруашылығы» кафедрасында 5В072900 (050729) – «Құрылыс» мамандығы бойынша, оның ішінде 5В072900 (050729.05) – «Автомобиль жолдары мен әуеайлақтар құрылысы», 5В072900 (050729.05.02) – «Теміржол құрылысы» бейіні бойынша құрылыс бакалаврларының алғашқы түлектері шығарылды.

2009 жылы «Жол және жол шаруашылығы» кафедрасы негізінде «Көлік құрылысы» кафедрасы құрылды.

2010 жылы ҚазАТК-да 5В074500 (6М074500) – «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша магистранттардың алғашқы қабылдауы жүзеге асырылды.

2021-2022 оқу жылында «Көлік құрылысы» және «Жылжымалы құрам» кафедралары біріктіріліп, «Магистральдық инженерия» кафедрасы құрылды.

2022-2023 оқу жылының қыркүйек айынан бастап «Магистральдық инженерия» кафедрасы екіге бөлінді: «Құрылыс инженериясы» және «Жылжымалы құрам».

2024-2025 оқу жылының қыркүйек айынан бастап «Құрылыс инженериясы» кафедрасы екі кафедраға бөлінді: «Көлік құрылысы» және «Сәулет-құрылыс инженериясы».

2024-2025 оқу жылында «Көлік құрылысы» кафедрасының меңгерушісі Карибаева Г.Б. болды.

2025-2026 оқу жылының қыркүйек–желтоқсан айлары аралығында кафедра меңгерушісінің міндетін Бихожаева Г.С. атқарды.

2025-2026 оқу жылының желтоқсан айынан бастап «Көлік құрылысы» кафедрасының меңгерушісі міндетін Тулемисов Т.Ж. атқарып келеді.

2024 жылдың қыркүйегінен бастап кафедра «Көлік құрылысы» деп аталады және келесі мамандарды даярлайды:

Бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша:

  1. 6В07128 – Теміржол жолы және жол шаруашылығы
  2. 6В07129 – Көпірлер, тоннельдер және метрополитендер
  3. 6B07323(36) – Темір жолдар құрылысы, жол және жол шаруашылығы
  4. 6B07336 – Темір жолдар құрылысы
  5. 6B07321(37) – Көпірлер, тоннельдер және метрополитендер құрылысы
  6. 6B07349 – Көпірлер және көлік айрықтары құрылысы
  7. 6В07180 – Smart Underground: тоннельдер және метрополитен
  8. 6B07331 – Кадастр және қала құрылысы
  9. 6B07331 – Кадастр және қала құрылысы
  10. 6B07179 – Көлік магистральдарын инжинирингтеу және басқару

Магистратура білім беру бағдарламалары бойынша:

  1. 7М07161 – Көлік инфрақұрылымы инженериясы (ғылыми-педагогикалық, 2 жыл)
  2. 7М07162 – Көлік инфрақұрылымы инженериясы (бейіндік, 1,5 жыл)
  3. 7М07169 – Көлік инфрақұрылымы инженериясы (бейіндік, 1 жыл)
  4. 7М07346 – Көлік құрылысы (ғылыми-педагогикалық, 2 жыл)
  5. 7М07345 – Көлік құрылысы (бейіндік, 1,5 жыл)

Докторантура білім беру бағдарламасы бойынша:

  1. 8D07164 – Көлік инфрақұрылымы инженериясы (ғылыми-педагогикалық, 3 жыл)
  2. 8D07169 – Көлік инфрақұрылымы инженериясы (бейіндік, 3 жыл)

Қазіргі уақытта «Көлік құрылысы» кафедрасы жоғары білікті оқытушылармен толық қамтамасыз етілген. Кафедрада заманауи жабдықталған оқу-зертханалық база және компьютерлік сынып бар. «Көлік құрылысы» кафедрасы белсенді ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарымен, сондай-ақ жақын және алыс шетел университеттерімен тығыз байланыс орнатқан.

Геодезиялық зерттеулер зертханасының негізгі қызмет бағыттары

  1. Жоғары дәлдіктегі геодезиялық өлшеулер. Қазіргі заманғы аспаптарды (GNSS, тахеометрлер, лазерлік сканерлер) пайдалана отырып, координаттар мен биіктіктерді анықтау үшін далалық және зертханалық өлшеулер жүргізу.
  2. Спутниктік геодезия. Жер қыртысының қозғалысын, деформацияларды және дәл позициялауды бақылау үшін GPS сияқты жаһандық навигациялық жүйелермен жұмыс.
  3. Инженерлік геодезия. Құрылыс нысандарын (ғимараттар, көпірлер, жолдар) геодезиялық деректермен қамтамасыз ету: бөлу жұмыстары, дәлдікті бақылау, шөгу мен деформацияларды қадағалау.
  4. Геодинамика және деформацияларды мониторингілеу. Литосфералық плиталардың қозғалысы, жердің шөгуі, көшкіндер және жер бетінің басқа да өзгерістерін зерттеу.
  5. Картография және ГИС-технологиялар. Кеңістіктік деректерді талдау үшін карталар жасау және жаңарту, геоақпараттық жүйелермен (мысалы, ArcGIS) жұмыс істеу.
  6. Лазерлік сканерлеу және фотограмметрия. Ұшқышсыз ұшу аппараттары мен жерүсті сканерлерін пайдалану арқылы жер бедері мен объектілердің 3D модельдерін алу.
  7. Кадастрлық геодезиялық қамтамасыз ету. Жер учаскелерінің шекараларын және меншік құқықтарын анықтау, жер есебіне арналған деректерді дайындау.

Профессор-оқытушылар құрамы

Тулемисов Темиргали Жетешович

Тулемисов Темиргали Жетешович

Қауымдастырылған профессор

Техника ғылымдарының кандидаты, зерттеуші

Махметова Нарзанкул Мусаевна

Махметова Нарзанкул Мусаевна

Профессор

Т.ғ.д., “Құрылыс” мамандығы бойынша ЖАК профессоры

Алимкулов Мурат Маметкулович

Алимкулов Мурат Маметкулович

Қауымдастырылған профессор

Техника ғылымдарының кандидаты, ЖАК доценті

Карибаева Гульназ Бисултановна

Карибаева Гульназ Бисултановна

Қауымдастырылған профессор

Т.ғ.к.

Бектанов Болатбек Қожахметұлы

Бектанов Болатбек Қожахметұлы

Қауымдастырылған профессор

техника ғылымдарының кандидаты, доцент

Исмагулова Саракуль

Исмагулова Саракуль

Қауымдастырылған профессор

Техника ғылымдарының докторы

Бихожаева Гульмира Сагатовна

Бихожаева Гульмира Сагатовна

Қауымдастырылған профессор

т. ғ. к., ЖАК доценті

Найманова Гульдария Толеухуловна

Найманова Гульдария Толеухуловна

Қауымдастырылған профессор

к.т.н, доцент

Атымтаева Дана Болатовна

Атымтаева Дана Болатовна

Ассистент-оқытушы

Техника ғылымдарының магистрі

Молыш Динагүл Қайратқызы

Молыш Динагүл Қайратқызы

Стажер оқытушы

бакалавр

Кафедра байланыстары

Кафедра: Көлік құрылысы

Мекен жайы: Шевченко көшесі, 97, Масанчи көше бұрышы
Байланыс деректері: каб. B 413

Оқу ғылыми зертханалары

  1. Жумагали Омаров атындағы №1 лекциялық зал (R 201)
  2. «Теміржол жол құрылысы» практикалық аудиториясы (O 003)
  3. Геодезиялық зерттеулер зертханасы (B 214)

Өндірісте оқу процесін ұйымдастыру

Білім алушылардың базалық және бейіндік пәндер бойынша теориялық және практикалық дағдыларын бекіту мақсатында «Көлік құрылысы» кафедрасының филиалдары құрылған және жұмыс істейді:

  1. «ALT М. Тынышпаев атындағы университет» АҚ «Көлік құрылысы» кафедрасының филиалы – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалы – «Алматы магистральдық желі бөлімшесі» құрамындағы «Алматы жол дистанциясы» базасында.
  2. «ALT М. Тынышпаев атындағы университет» АҚ «Көлік құрылысы» кафедрасының филиалы – «Leica Geosystems Kazakhstan» ЖШС базасында.
  3. «ALT М. Тынышпаев атындағы университет» АҚ «Көлік құрылысы» кафедрасының филиалы – Алматы қаласы бойынша жерлерді зерттеу жұмыстарын жүргізу жөніндегі мемлекеттік институт» ШЖҚ РМК базасында.

«Көлік құрылысы» кафедрасының филиалдары базасында студенттер үшін нақты өндірістік жағдайларда практикалық сабақтар өткізіледі, сондай-ақ төмен курс студенттері үшін таныстыру экскурсиялары ұйымдастырылады.

1) Кафедра филиалдары ашылған ұйымдардың тізімі
  1. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалы – «Алматы магистральдық желі бөлімшесі» құрамындағы «Алматы жол дистанциясы» базасындағы «М.Тынышбаев атындағы ALT Университеті» АҚ «Көлік құрылысы» кафедрасының филиалы теміржол саласы студенттерін дуалды (тәжірибеге бағытталған) даярлау жүйесінің маңызды элементі болып табылады.

Филиал, университеттің оқу процесін теміржол саласының нақты өндірістік жағдайларымен байланыстыру және студенттердің кәсіби құзыреттерін тікелей инфрақұрылым нысандарында қалыптастыру үшін құрылған.

Филиалдың негізгі мақсаты

Көлік құрылысы саласындағы болашақ мамандарды теміржол желісіндегі жұмыс істеп тұрған кәсіпорын базасында практикалық оқыту арқылы даярлау.

Негізгі міндеттері:

  • студенттердің теориялық білімін нақты өндірістік жағдайда бекіту;
    • теміржол инфрақұрылымымен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын қалыптастыру;
  • жолды күтіп-ұстау және жөндеу технологияларымен таныстыру;
  • магистральдық желі эксплуатациясы жағдайында кәсіби құзыреттерді дамыту;
  • кәсіпорын мамандарының жетекшілігімен өндірістік үдерістерге қатысу.

Практикалық оқыту базасы

Оқыту Алматы жол дистанциясы мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ Алматы магистральдық желі бөлімшесі нысандарында жүргізіледі, онда студенттер:

  • жол шаруашылығын ұйымдастыруды зерттейді;
  • теміржол жолдарын тексеру және қызмет көрсету жұмыстарына қатысады;
  • инфрақұрылымды пайдалану және жөндеу жұмыстарымен танысады;
  • өндірістік практикадан және дуалды оқыту элементтерінен өтеді.

Өзара әрекет формалары:

  • өндірістегі практикалық сабақтар;
  • өндірістік және диплом алдындағы практика;
  • кәсіпорын мамандарының қатысуымен дуалды оқыту;
  • сала инженерлері мен басшыларынан қонақ дәрістер;
  • нақты өндірістік жобаларға қатысу.

Мамандар даярлаудағы маңызы:

  • инженерлік білім сапасын арттыру;
  • «ЖОО – өндіріс» байланысын қамтамасыз ету;
  • түлектердің теміржол жүйесіне бейімделуін жеделдету;
  • инженерлердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
  1. «Leica Geosystems Kazakhstan» ЖШС базасындағы «М.Тынышбаев атындағы ALT Университеті» АҚ «Көлік құрылысы» кафедрасының филиалы оқу процесін заманауи геодезия және инженерлік өлшеу технологияларымен интеграциялау мақсатында құрылған оқу-өндірістік алаң болып табылады.

Филиал, геокеңістіктік технологиялар саласындағы жетекші халықаралық компаниялардың бірі – «Leica Geosystems Kazakhstan» ЖШС-мен әріптестік негізінде жұмыс істейді.

Филиалдың негізгі мақсаты

Нақты өндірісте қолданылатын цифрлық және геодезиялық технологияларды пайдалана отырып, көлік құрылысы саласында жоғары білікті мамандар даярлау.

Негізгі міндеттері:

  • студенттерді тәжірибеге бағытталған оқытумен қамтамасыз ету;
  • оқу үдерісіне заманауи геодезиялық технологияларды енгізу;
  • жоғары дәлдіктегі өлшеу жабдықтарын меңгеру (GNSS, тахеометрлер, лазерлік сканерлер);
  • цифрлық жер модельдерімен және инженерлік деректермен жұмыс істеу дағдыларын дамыту;
  • құрылысты цифрландыру жағдайында жұмыс істеуге дайындау.

Өндірістік-оқу базасы

Компания келесі технологияларға қолжетімділік береді:

  • геодезиялық және спутниктік өлшеу жүйелері;
  • GNSS технологиялары;
  • 3D лазерлік сканерлеу және модельдеу;
  • геоақпараттық жүйелер (ГАЖ);
  • инженерлік құрылымдардың деформациясын мониторингтеу шешімдері.

Компания Hexagon халықаралық тобының құрамына кіреді және Қазақстанда геодезия, құрылыс, тау-кен және инфрақұрылым салаларында инновацияларды енгізеді.

Оқыту формалары:

  • компания базасындағы практикалық сабақтар;
  • өндірістік және диплом алдындағы практика;
  • инженер-практиктердің мастер-кластары мен дәрістері;
  • нақты жобалармен және Leica Geosystems жабдықтарымен жұмыс;
    • өндірістік тағылымдамасы бар дуалды оқыту.

Филиалдың маңызы:

  • теория мен практиканың алшақтығын азайту;
  • инженерлік дайындық сапасын арттыру;
  • цифрлық құрылыс дағдыларын қалыптастыру;
  • түлектердің салаға тез бейімделуін қамтамасыз ету.
  1. Алматы қаласы бойынша жерлерді зерттеу жұмыстарын жүргізу жөніндегі мемлекеттік институт» ШЖҚ РМК базасында «М. Тынышбаев атындағы ALT Университеті» АҚ «Көлік құрылысы» кафедрасының филиалы инженерлік геодезия, кадастр және көлік құрылысы салаларында мамандар даярлауға бағытталған оқу-ғылыми-өндірістік алаң болып табылады.

Филиал, жерге орналастыру және инфрақұрылым жобаларын геодезиялық қамтамасыз ету саласындағы тәжірибелік қызметпен оқу үдерісін тығыз байланыстырады.

Филиалдың негізгі мақсаты

Жерді зерттеу деректері мен кадастрлық ақпарат негізінде көлік құрылысы және геодезиялық қамтамасыз ету салаларында кәсіби құзыреттерді қалыптастыру.

Негізгі міндеттері:

  • геодезия, картография және жерге орналастыру бойынша білімді бекіту;
  • жер учаскелерін зерттеудің заманауи әдістерін үйрету;
  • кадастрлық және топографиялық жұмыстар технологияларын меңгеру;
  • нормативтік-техникалық құжаттармен жұмыс дағдыларын қалыптастыру;
  • мемлекеттік және жобалық ұйымдар үшін мамандар даярлау.

Өндірістік-оқу базасы

Алматы қаласы бойынша жерлерді зерттеу жұмыстарын жүргізу жөніндегі мемлекеттік институт» ШЖҚ келесі жұмыстарды орындайды:

  • топографо-геодезиялық жұмыстар;
  • жер ресурстарын зерттеу және бағалау;
  • кадастрлық және жерге орналастыру жұмыстары;
  • картографиялық материалдар дайындау;
  • геокеңістіктік деректер базасын құру және жаңарту.

Студенттер нақты жерді зерттеу материалдарымен жұмыс істейді, далалық және камералдық жұмыстарға қатысады, сондай-ақ ресми құжаттарды дайындау үдерісін меңгереді.

Өзара әрекет формалары:

  • кәсіпорын базасында практикалық және зертханалық сабақтар;
  • оқу, өндірістік және диплом алдындағы практика;
  • институт мамандарының оқу процесіне қатысуы;
  • нақты деректер негізінде курстық және дипломдық жұмыстар орындау;
  • бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу.

Филиалдың маңызы:

  • тәжірибеге бағытталған даярлықты қамтамасыз ету;
  • жерге орналастыру және кадастр саласындағы дағдыларды қалыптастыру;
  • көлік және жер саласына инженерлер даярлау сапасын арттыру;
  • жоғары білім мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы байланысты нығайту.

Жалпы алғанда, бұл филиал дуалды оқыту жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады және көлік құрылысы, геодезия және жер ресурстарын басқару салаларында бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға ықпал етеді.

2)Семестр бойынша дуальды оқытуға шығарылған пәндер тізімі

Пәннің атауы

Курс

Өткізу орны

Өткізу кезеңі

1 семестр

1

Жол шаруашылығын ұйымдастыру, жоспарлау және басқару.

4

«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы — «Алматы жол дистанциясы- ПЧ-46», Алматы қ., Л.Толстой көшесі 1 А, Түрксіб ауданы, Алматы-1 станциясы.

1-15 апта

2

Көпірлер мен құбырларды күтіп ұстау

4

1-15 апта

2 семестр

1

Түйіспесіз жол

4

«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы — «Алматы жол дистанциясы- ПЧ-46», Алматы қ., Л.Толстой көшесі 1 А, Түрксіб ауданы, Алматы-1 станциясы.

1-7  апта

 

3) Дуальды оқыту сабақтарын жүргізетін өндірістегі оқытушылар тізімі

Осы бейіндік пәндер бойынша практикалық сабақтарды өндіріс мамандары жүргізеді:

Анарбеков Н.Н. — еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша жетекші инженер, Алматы жол дистанциясы ПЧ-46 өндірістік оқыту шебері.

4) Топ-менеджерлер тізімі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ топ-менеджерлері, Алматы жол дистанциясының және басқа кәсіпорындардың жетекші мамандары біздің білім алушыларымыз үшін қонақ және көшбасшылық дәрістер оқиды, сондай-ақ дипломдық жұмыстардың жетекшілері мен рецензенттері ретінде тартылады. Кестеде 2024-2025 оқу жылында қонақ және көшбасшылық дәрістерге қатысқан Топ-менеджерлер келтірілген;

Дәріс тақырыбтары Күні Дәріскердің аты-жөні Ұйым аты,атқаратын қызметі
1 СЕМЕСТР
1 «Теміржол инфрақұрылымын диагностикалаудың инновациялық әдістері мен құралдары» 2024 жыл қазан  Техника ғылымдарының докторы, профессор Александр Анатольевич Бондаренко. ИНФОТРАНС оқу орталығы
2 СЕМЕСТР
1 «Теміржол жолын диагностикалау» 2025 жыл ақпан

Сарапшы және лектор ретінде көлік саласының ардагері Рысымбетов А.Ж. сөз сөйледі.

 

Алматы жол дистанциясы ПЧ-46
2 «Жол құрылысшысы мамандығын мақтан тұтамын»  2025 жыл наурыз «Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) Акционерлік қоғам «Ұлттық компания» (АҚ «ҰК»)
3 GNSS-қабылдағыш RS10 — дәл миссияларға арналған құрылғы, GPS-қондырғысы. 2025 жыл наурыз Төлеген М «Geokurs»
5) Практика өту базалары

Оқу курсы аяқталғаннан кейін өндірісте міндетті практикадан өту қарастырылған. Практика оқытудың жалпы тұжырымдамасына кіреді, теориялық курсты оқу кезінде алынған білімді бекітеді және болашақ маманның ОП алдағы жұмыс жағдайларына ауыртпалықсыз бейімделуіне ықпал етеді.

Кестеде «Көлік құрылысы» кафедрасы бойынша практика базалары келтірілген.

  1. АО «НК «ҚТЖ» — «Дирекция магистральной сети»
  2. Проектно-изыскательский институт ТОО Казахский ПромТрансПроект
  3. ТОО ТЕКА- Проект
  4. Мостроотряд
  5. ВI Group
  6. ТОО Leica Geosystems Kazakhstan 
  7. ТОО «INTEGRA CONSTRUCTION KZ»
  8. АО «Dosjan temir joly»
  9. ФИЛИАЛ ТОО «BAZIS CONSTRUCTION» — BAZIS METRO»
  10. ТОО «МЕТРОПРОЕКТ»
Skip to content
Приемная комиссия