Select Page

ALT бастамашыл кәсіпкерлер мен жас инноваторлар арасындағы «ALT – STARTUP» инновациялық идеялар мен стартап жобалар байқауына өтінімдерді қабылдауды бастады.

Өтініштерді электронды түрде 2023 жылдың 27 желтоқсанына дейін беруге болады, электрондық пошта арқылы (a.kaltaev@alt.edu.kz) немесе Алматы қ., көш. Шевченко 97, 1 қабат, 2101 кабинет

Конкурс қатысуға өтінім қаралған күні жасы 29 жастан аспайтын студенттер, магистранттар, докторанттар, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер және жас инноваторлар үшін өткізіледі.

Байқау туралы мәліметтерді ALT сайтында, Ғылым – Бизнес-инкубатор – Стартаптар үшін ақпарат бөлімінен табуға болады.

Байқау қорытындысы бойынша Конкурс жеңімпаздары анықталды: үш жүлде және номинация.

Номинациялардың атаулары:

  • «Үздік әлеуметтік жоба»;
  • «Үздік экожоба»;
  • «Үздік IT жоба»;
  • «Көлік саласындағы үздік жоба»;
  • «Үздік жас ғалым»;
  • «Ең үздік бизнес жоба».

Байқау нәтижелері 2024 жылдың 25 қаңтарында ALT сайтында жарияланады. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері Конкурс жеңімпазының (жүлдегерінің) дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен (ноутбуктармен) марапатталады.

Приемная комиссия