Select Page

Өткізу күні: 01-02. 12. 2023 ж., басталуы cағат 9.30.
Өтетін орны: Алматы, Шевченко көшесі, 97, «Логистика және көлік академиясы» АҚ

«Логистика және көлік академиясы» АҚ мүдделі тараптарды «Инженерия және инженерлік іс», «Көлік қызметтері» кадрларын даярлау бағыттары бойынша ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің (бұдан әрі-ОӘБ РОӘК) оқу – әдістемелік бірлестігінің кеңейтілген отырысына қатысуға шақырады.

ОӘБ РОӘК отырысы аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қолдауымен, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің, ҚР Көлік министрлігінің, «ҚазАвтоЖол» ҰК » АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, Атамекен ҚР ҰКП, салалық қауымдастықтар, көлік-логистика саласының одақтары және т.б. өкілдерінің қатысуымен «Сенімді түлек» дөңгелек үстелі өтеді.

Қазақстанның көлік саласы кадрларының жетіспеушілігі проблемасын талқылау және көлік-логистикалық мамандықтардың тартымдылығын арттыру проблемасын шешу жоспарлануда.

2023 жылғы 2 желтоқсанда ОӘБ РОӘК отырысы өз жұмысын Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтының базасына барумен жалғастырады.

Толығырақ ақпаратты корпоративтік ынтымақтастық департаментінің директоры Дүйсебаева Ақнұр Мұхтарқызынан біле аласыз (2215),

тел.: 87078881931 (ішкі 1053), 87072000970, e-mail: a.duisebaeva@alt.edu.kz.

«АЛиТ» АҚ ғылыми хатшысы, ОӘБО РОӘК хатшысы Вахитова Лилия Владимировна (2703)

тел.: 87773023232, e-mail: l.vahitova@alt.edu.kz.

Приемная комиссия